Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыс істеген және жұмыссыз
азаматтарды жерлеуге бір жолғы
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 14-
тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің 10
(он) еселенген мөлшерінде жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды
жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек (ары қарай бір жолғы әлеуметтік
көмек) көрсету қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Егер 3 (үш) ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді
ұйымдастырған адамның өтініші бойынша тиісті жағдай болған күннен бастап, әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан, егер қайтыс болған адам, өлген күнге дейін кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
(Ансатбаев Мұратбай) бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуді
отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастырған адамның өтініші
бойынша материалдык төлемді қамту ұйымдарында алушының ашылған
шотының нөмерін көрсетуіне (екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері,
немесе осы операция түрлерін жүзеге асыратын лицензиясы бар ұйымдар) және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес қамтамасыз етсін:
жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандарға мекен жайы
көрсетілген құжат немесе оралманның жеке куәлігі, салық төлеушінің нөмірі;
сактандыру кассасына ұсынылатын Азаматтық хал актілерді тіркеу
жазбасы органдары беретін қайтыс болғаны туралы анықтама (гүпнұскасы);
еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
ресми түрде жүмыссыз статусын растайтын анықтама;
жерлеуді кім үйымдастырғаны жөнінде анықтама.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы белімі (Белесаров Нұрлан Өксенұлы) жұмыс істеген
және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті
қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы
жоспарларында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 23 маусымында № 2-8-5
нөмерімен тіркелген, 2005 жылдың 15 маусымындағы № 30 «Еңбекшіқазақ»
газетінде жарияланған, Еңбекішқазақ ауданы әкімиятының 2005 жылдың 6
маусымындағы № 1506 «Жұмыс істеген және жүмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Лысенко Владимир Петровичке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.