Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиелеп, оқытылатын мүгедек балаларға (ары қарай - мүгедек балалар) айлық есептік көрсеткіштің 5 (бес) еселенген мөлшерінде әр мүгедек балаға ай сайын төленетін қосымша әлеуметтік көмек (ары қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Мүгедек балаларға 18 (он сегіз) жасқа толғанға дейін берілетін әлеуметтік көмек (мемлекеттік толық қамтуындағы мүгедек балаларды және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының қортындысында көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап ата-анасының бipeyне немесе олардын орнындағы адамға берілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ансатбаев Мұратбай) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді ата- анасының өтініші бойынша біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, мүгедек балалардың тұрғылықты жердей әлеуметтік көмекті төлеу ұйымдарында алушының ашылған шотының нөмерін көрсетуіне (екінші деңгейдеп банктердің бөлімшелері, немесе осы операция түрлерін жүзеге асыратын лицензиясы бар ұйымдар) және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1)жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандарға мекен жайы көрсетілген құжат немесе оралманның жеке куәлігі;
Тармақша 2
2)баланың туу туралы куәлігі;
Тармақша 3
3)дәрігерлік әлеуметтік сараптау қомиссиясында куәландырылғаны туралы анықтамасы (белгіленген үлгі бойынша);
Тармақша 4
4)отбасынын мекен-жайын және құрамын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық қомиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Белесаров Нұрлан Өксенұлы) мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы жоспарларында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 23 маусымындағы № 2-8-7 номерімен тіркелген, 2005 жылдың 15 шілдесіндегі № 30 «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланған, Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының 2005 жылдың 6 маусымындағы № 1508 «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Лысенко Владимир Петровичке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.