Қолданыстағы ред. 17.03.2006

Ауданда азаматтарды туберкулезге қарсы тексеруден өткізу туралы от 17.03.2006 г. № 621 (Ауданда азаматтарды туберкулезге қарсы тексеруден өткізу туралы)

0

Ауданда азаматтарды туберкулезге қарсы тексеруден өткізу туралы
Ауданда туберкулез науқастарының көбеюі және жасөспірімдер мен балалар арасында өршуіне байланысты, туберкулез ауруының алдын алу мақсатында «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы №430-11, «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 1997 жылғы 19 мамырдағы №111, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазакстан Республикасының Заңдарына, «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі №839, «Қазақстаи Республикасында туберкулезбен күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы №850 қаулыларына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қармақшы ауданындағы 15 жастан жоғары азаматтар флюорографиялық және 15 жасқа дейінгілер манту арқылы 2006 жылдың 27 наурыз- 27 сәуір айлары аралығында жаппай тексеруден өткізілсін.

2

2. Қармақшы ауданындағы азаматтарды жаппай флюорографиялық тексеруден откізу кестесі 1 қосымшаға, Қармақшы ауданында туберкулез ауруының алдын-алу жолдары жөніндегі іс-шаралар жоспары 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Қармақшы аудандық емханаға (Б.Нысанбаев, келісім бойынша), Қармақшы аудандық санитарлық-әпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г.Сулеева, келісім бойынша), Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне (Қ.Бәлібаева, келісім бойынша) флюорографиялық тексерудің сапалы, кідіріссіз өтуін қадағалау және осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдау ұсынылсын.

4

4. Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі (Қ.Қожанов, келісімі бойынша) тергеу оқшауларындағы тергеуге алынған адамдарды және тексеруден жалтарган азаматтарды туберкулезге карсы флюорографиялық тексеруден өткізуілуіне ықпал жасау ұсынылсын.

5

5. Аудандық емханаға ( Б.Нысанбаев, келісімі бойынша);

1

1) туберкулезді ерте анықтау іс-шаралары бойынша бейім топты флюоромен қамту және туберкулезге шалдыққандарды дер кезінде табуды жолға қою;

2

2) екі жылдан астам флюорографиялык тексеруден өтпегендерді толық қамту;

3

3) манту сынағы арқылы ауру балаларды табу, туберкулин сынамасын қою;

4

4) әр аумақтың дәрігерлеріне ез аумағындағы азаматтардың толық флюорографиялық тексеруден өтуін бақылауға алуды тапсыру;

5

5) осы іс-шара кезеңінде флюорографиялық машинаны аудандық мектептерге, кәсіптік мектепке (КМ-12) және ауылдық округтерге жеткізу ұсынылсын.

6

6. Барлық мекеме, кәсіпорын, өзге де ұйымдар басшыларына (келісімі бойынша) осы қаулыдан туындайтын шаралардың орындалуына бақылау жасау ұсынылсын.

7

7. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Әкімтаевқа жүктелсін.

13

"Ауданда азаматтарды туберкулезге
қарсы тексеруден өткізу туралы» аудан
әкімиятының 17 наурыз 2006 жылғы
№ 621 каулысына 1 қосымша
Қармақшы аүданындағы азаматтарды жаппай флюорографиялық тексеруден өткізу КЕСТЕСІ
р\с
Мекемелер аты
Флюорографиялық тексеруден ету уақыты
1.
Аудан әкімі аппараты
27 наурыз
2.
Жосалы кенті әкімі аппараты
27 наурыз
3.
Аудандық қаржы бөлімі
27 наурыз
4.
Аудандық құрылыс бөлімі
28 наурыз
5.
Аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі
28 наурыз
6.
Аудандық мәдениет және тілдсрді дамыту бөлімі
28 наурыз
7.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
4 сәуір
8.
Аудандык білім бөлімі
5 сәуір
9
Ауылдық округтер
7-15 сәуір
10.
Аудандық мәслихат
27 наурыз
11.
Аудандық салық комитеті
27 наурыз
12.
Аудандық сот
30 наурыз
13.
Аудандық телекоммуникация торабы
30 наурыз
14.
Аудандық ішкі істер бөлімі
30 наурыз
15.
Жол аралығы мекемесі-58
31 наурыз
16.
Қармақшы аудандық қорғаные істері жөніндегі бөлім
31 наурыз
17.
"Қазпошта" АҚ-ның Қармақшы аудандық бөлімі
3 сәуір
18.
Аудандық мемлекеттік санитарлық-әпидемиялогиялық қадагшіау басқармасы
3 сәуір
19.
Қазынашылық бөлімі
3 сәуір
20.
Аудандық емхана, аурухана
6 сәуір
21.
Аудандық туберкүлезге қарсы күрес диспансері
7 сәуір
22.
Аудандық төтенше жагдайлар саласындағы мемлекеттік бакылау және қадағалау бөлімі
10 сәуір
23.
Прокуратура
10 сәуір
24.
Төретам аймағы бойынша қаржы полициясы бөлімшесі
11 сәуір
25.
Жосалы обаға қарсы күрес стансасы
11 сәуір
26.
"ҚазақстанТемірЖолы" Қызылорда белімшесі Жосалы стансасы
12 сәуір
27.
"ЖосалыТемірЖолы" вокзалы
12 сәуір
28.
Жосалы темір жол бойындағы әскерилендірілген күзет бөлімі
13 сәуір
29.
Аудандық статистикалық бөлім
13 сәуір
30.
Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүліктер жөніндегі орталық РМК-ның Қармақшы филиалы
13 сәуір
31.
Аудандық орман шаруашылығы
14 сәуір
32.
Аудандық мұрағат бөлімі
14 сәуір
33.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ аудандық филиалы
14 сәуір
34.
Аудандық қазынашылық бөлімі
17 сәуір і
35.
Аудандық зейнетақы телеу орталығы
17 сәуір
36.
Қызылорда әлектр тарату жүйелері компаниясы АҚ Қармақшы филиалы
17 сәуір
37.
Аудандық әділет басқармасы
18 сәуір
38.
"Қармақшысышаруашылығы" еңшілес кәсіпорны
18 сәуір

14

"Ауданда азаматтарды туберкулезге
карсы тексеруден өткізу туралы» аудан
әкімиятының «17» наурыз 2006 жылғы
№ 621 қаулысына 2 қосымша
Қармақшы ауданында туберкулез ауруының алдын-алу жолдары жөніндегі іс-шаралар жоспары
Іс-шараның мазмұны
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1.
Жасалынған кестеге сәйкес мекеме, ұйымдарды флюорографиядаи өткізу
27 сәуірге дейін
Мекеме басшылары (келісімі бойынша)
2.
Мекеме, кәсіпорын, қоғамдық ұйымдардың басшыларымен бірлесе отырып туберкулез дертіне қарсы күресу жолдарына талдау жасау
Үнемі
Аудандық МСӘҚБ бас дәрігері Г.Сулеева (келісімі бойынша), аудандық емхана бас дәрігері Б.Нысанбаев, туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қ.Бәлібаева (келісімі бойынша)
3.
Кент, ауылдық округтер тұргындары арасында туберкулез ауруын болдырмаудын алдын алу жөнінде түсіндіру және акциялар ұйымдастыру
Үнемі
Аудандық МСӘҚБ бас дәрігері Г.Сулеева (келісімі бойынша), аудандық емхана бас дәрігері Б.Нысанбаев (келісімі бойынша), туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қ.Бәлібаева(келісімі бойынша)
4.
«Қармақшы таңы» газетіне туберкулез ауруының алдын алу шарттары және болдырмау жолдары жайлы мақалаларды жарялауды ұйымдастыру
Жыл көлемінде
Ауданық ішкі саясат бөлімі, «Қармақшы таңы» газетінің редакторы А.Үсенов, аудандық емхана бас дәрігері Б.Нысанбаев (келісімі бойынша), туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қ.Бәлібаева (келісімі бойынша)
5
Аудан мектептерінде, балалар бақшасында санитарлық-ағарту және тазалық жұмыстарын пәрменді турде жүргізуге ықпал жасап отыру
Үнемі
Аудандық МСӘҚБ бас дәрігері Г.Сулеева (келісімі бойынша), аудандық емхана бас дәрігері Б.Нысанбаев (келісімі бойынша), туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қ.Бәлібаева (келісімі бойынша)
6
Мектептердегі туберкулез ошағына, вираж және гиперергия болған оқушыларды жаздық тынығу лагердің бір тобына жинақтап сауықтыру өткізу.
Жаз айында
Аудандық білім бөлімі меңгерушісі Д.Нәзікбаев
7
Туберкулезге бейім мектеп оқушыларына мектептерде бір мезгілдік ыстық тамақ беруді ұйымдастыру
Үнемі
Аудандық білім бөлімі меңгерушісі Д.Нәзікбаев
8
Аудан көлемінде туберкулез індетінің әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың ортасында көбеюіне байланысты жүмыспен камту бюросына тіркелген жұмыссыз адамдарды флюорографиядан өтуін талап ету
Үнемі
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі А.Нұржанов