Абай ауданының әскерге дейінгі және әскер жасындагы жастармен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерь жиынын ұйымдастыру және өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Абай ауданының әскерге дейінгі және әскер жасындагы жастармен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерь жиынын ұйымдастыру және өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-II Заңының 33 бабының I тармағының 13 тармақшасын, «Бастапқы әскери даярлық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын басшылыққа ала отырып және жастарды әскери қызметке даярлауды жетілдірудін, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде денсаулықты нығайтудың, патриоттық тәрбие берудің, Отанын қорғауға дайындаудың үлкен мәні барын ескере отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскер жасына дейінгілер, яғни 10 сынып оқушыларын және әскер жасындағы жастармен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері Көкбай ауылындағы Көкбай атындағы орта мектептің базасында мамыр айының 15-20 аралығында ұйымдастырылсын (мерзімі 6 күн).
Тармақ 2
2. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету ауданның білім бөліміне міндеттелсін. Штаб басшысын тағайындау, бастапқы әскери даярлықтың, дене шынықтырудың және әскери- патриоттық тәрбиенің жұмыс жоспарларын жасау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Ауданның білім бөліміне (Қ.Дүрмекбай) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін ұйымдастыру, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін ұстаудың, 2006 жылғы шығыс сметасын жасау және шығыс сметасын бекітуге ұсыну тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Оқушылардың қорғаныс-спорттық сауықтыру лагеріне толық қатысуын қамтамасыз ету және оқушыларды тасымалдаудың барлық шараларын жасау мектеп директорларына ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (О.Өтепов, өз келісімі бойынша) қорғаныс- спорттық сауықтыру лагері жиынының өтуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық емхананың бас дәрігеріне (Қ.Битенова, өз келісімі бойынша) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің жиыны өтетін мерзімге медицина қызметкерлерімен және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөліміне (Т.Ерденбеков, өз келісімі бойынша) жиынды өткізу орнының қалыпта болуын бақылау, тамақтандыру саласының тазалығына және тамақтың сапалы дайындалуына бақылау жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне (С.Мырзабеков, өз келісімі бойынша) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін қару-жарақ құралдарымен және оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру сұралсын.
Тармақ 9
9. Абай ауданы әкімінің 2005 жылғы 27 мамырдагы № 390 санды «Абай ауданының әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастармен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерь жиынын ұйымдастыру және өткізу туралы» шешімінің (мемлекеттік тіркеуден 09.06.2005 жылы № 5-5-1 өткен) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Сүлейменге жүктелсін.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
О. Өтепов
«12» 05 2006 жыл
Аудандық орталық емханасының
бас дәрігері
Қ. Битенова
«12» 05 2006 жыл
Аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау бөлімініе
бастығы
Т. Ерденбеков
«12» 05 2006 жыл
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
біріккен бөлімі бастығының
міндетін атқарушы
С. Мырзабеков
«12» 05 2006 жыл