Әлеуметтік төлем туралы Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік төлем туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағы 14 тармақшасы, 2003 жылғы 15 шілдедегі 9/32 санды «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру» Ережесін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімімен бекітілген және 2003 жылғы 16 шілдедегі № 1922 облыстық Әділет Департаментінде тіркелген «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру комиссияның 2006 жылдың 22 мамырдағы шешімі бойынша, төмендегі категориядағы азаматтарға қаржылай материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Арықты ауылының тұрғыны, көп балалы отбасы, оралман Үркен Халамбахиге-20600 теңге ;
Тармақша 2
2) Караегін ауылының тұрғыны, мүгедек баланың анасы А.Унышеваға -20600 теңге;
Тармақша 3
3) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 3 топ мүгедегі Ж. Олжабаевқа-20600 теңге;
Тармақша 4
4) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 3 топ мүгедегі Р. Касинаға - 20600 теңге;
Тармақша 5
5) Қорғалжын ауылының тұрғыны, жұмыссыз С. Баяновқа-15450 теңге;
Тармақша 6
6) Жантеке ауылының тұрғыны,көп балалы Н. Момбаеваға-10300 теңге;
Тармақша 7
7) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 2 топ мүгедегі Қ. Жұмагұловқа-20600 теңге;
Тармақша 8
8) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 3 топ мүгедегі С. Сыздықовқа-10300 теңге;
Тармақша 9
9) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 3 топ мүгедегі А. Қуанышеваға-10300 теңге;
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі-Т.Кислицкаяға Жеңіс күніне орай - 2000 теңге;
Тармақша 11
11) 1 маусым «Балалар күніне» арнайы мүгедек-балалар арасында спартакиада өткізуге-60000 теңге (1 қосымша)
Тармақ 2
2. Қаржы бөлімі (Б.Рысбаева ) әлеуметтік төлемдерге 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған 211350 теңге қаржымен қамсыздандырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К.Тюлеубаев) материалдық көмекті жоғарыдағы аталған адамдардың жеке есеп шоттарына аударылсын және мүгедек балалардың арасында спартакиадасын өткізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.
Басқа 16. «Балалар күніне» орай мүгедек-балалардын арасында өткізілетін спартакиаданың шығын сметасы.
Аудан әкімінің № 2006 ж.
қаулысына № 1 қосымша
«Балалар күніне» орай мүгедек-балалардын арасында өткізілетін спартакиаданың шығын сметасы.
6 түрлі спорт ойны:
Тармақ 1
1. Шахмат
Тармақ 2
2. Дойбы
Тармақ 3
3. Дартс
Тармақ 4
4. Боулинг
Тармақ 5
5. Доп лақтыру
Тармақ 6
6. Донгеліктермен жарысу
6 ойында-1-ші орын-1,5
IІ-ші орын-1,0
III-ші орын-0,5
Барлығы: 3,0 теңге
18 сыйлық-18 женімпаздарға х 3000 теңге=54000
Спартакиадаға қатысқан мүгедек-балаларға жеңіл-желпі ас ұйымдастыруына-6000 теңге;
Сусындар-15 литр х 40 теңге=600 теңге
шырындар-15 х 130 теңге 1300
Алма, апельсин 10 кг х 150=1500 теңге
Балмұздақ 50x35=1750 теңге Тәтті тағам 850 теңге