Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарына
арналған әлеуметтік жұмыс
орындарын ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықтың жұмыспен қамту туралы» заңдарына және Маңғыстау аудандық маслихаттың 2005 жылғы 8 желтоқсанындағы «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 15/110 (Маңғыстау аудандық әділет басқармасында 22.12.2005 жылы 11-5-17 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімяты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.(1 қосымша)
Тармақ 2
2. Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /С.Каимова/ жұмыссыздардың халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссия құрамы бекітілсін. (2 қосымша)
Тармақ 4
4. Комиссия хатшысы болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Көпбаева Тілектес тағайындалсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Келісілді:
Сарбалаев Абзал Бердібайұлы
аудандық қаржы бөлімінің бастығы
12.06.2006 жыл.
Каимова Сәнім Нақыпқызы
аудандық қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
12.06.2006 жыл
Басқа 7
Аудандық әкімиятының
2006 жылғы 12 маусымдағы
№ 61 қаулысымен
бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудң қамтамасыз ететін уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /бұдан әрі-уәкілетті орган/ болып табылады.
Тарау 2. 2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі мен шарттары
2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі мен шарттары
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындары бар ұйымдардың тізбесін жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша жыл сайын жергілікті атқрушы орган анықтайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді.
Тармақша 1
1)әлеуметтік жұмыс орындары хлықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады.
Тармақша 2
2)Жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындарымен бос орындар пайдаланылмайды.
Тармақша 3
3)Жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күні және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
Тармақша 4
4)Әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және бақылау
3. Қаржыландыру және бақылау
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тиісті жылға 002 бағдарлама, 102 кіші бағдарлама, 149 әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары ерекшелері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына бөлінген қаражатты пайдаланудың дұрыстығына қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдылықтырына сәйкес мемлекеттік органдар бақылау жасайды.
Басқа 22
Аудан әкімиятының
2006 жылғы 12 маусымдағы
№ 61 қаулымен бекітілген
2 қосымша
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссия құрамы
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы - комиссия төрағасы,
аудан әкімінің орынбасары
Қаимова Санимкуль Нахипқызы - комиссия төрағасының орынбасары,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Комиссия мүшелері
Жоносов Лазым Наурызғалиұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы
Зейнуллин Фатима - аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы
Сарбалаев Абзал Бердібайұлы – аудандық қаржы бөлімінің бастығы