О реструктуризации учреждений первичной медико-санитарной помощи Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерін қайта құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен.
"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру және медициналық көмек көрсетудiң қазiргi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн:
Тармақ 1.1
1.1. Облыстың денсаулық сақтау Бағдарламасы мен iс-қимыл Жоспарын әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi жұмысшы тобының құрамы (N 1 қосымша);
Тармақ 1.2
1.2. Шығыс Қазақстан облысының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн мекемелерiн қайта құрудың күнтiзбелiк жоспары (N 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Құрманғалиев А.Ә., облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Аңдағұлов Қ.Б., қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстың бағдарлама бойынша да, сондай-ақ медициналық көмектiң кепiлдi көлемi бойынша да жұмыс iстейтiн барлық денсаулық сақтау мекемелерiн қаржыландыруды 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап бiрыңғай төлемшi принципi бойынша ақшалай қаражаттарды бiрiктiру жолымен жүргiзсiн, сондай-ақ бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң жан басына қаржыландыру принципiне көшудi жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi денсаулық сақтау мекемелерiмен бiрлесiп 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде медициналық қызметтi қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн және мемлекеттiк тапсырыс жүйесiне енгiзiлетiн медициналық мекемелер тiзбесiн бекiтсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 7. Облыстың бастапқы медициналық-санитарлық көмек
мекемелерiн қайта құру жөнiндегi бағдарламаны және
күнтiзбелiк Жоспарды әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi
жұмысшы топтың
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы
22 қаңтар N 639 шешiмiне
N 1 қосымша
Облыстың бастапқы медициналық-санитарлық көмек
мекемелерiн қайта құру жөнiндегi бағдарламаны және
күнтiзбелiк Жоспарды әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiндегi
жұмысшы топтың
ҚҰРАМЫ
Шығыс Қазақстан облысының
Әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев
Басқа 8. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi қайта құру және
жалпы практика дәрiгерi-отбасы дәрiгерi жүйесiн дамыту жөнiндегi
1998-1999 жылдарға арналған шаралар
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы
22 қаңтар N 639 шешiмiне
N 2 қосымша
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi қайта құру және
жалпы практика дәрiгерi-отбасы дәрiгерi жүйесiн дамыту жөнiндегi
1998-1999 жылдарға арналған шаралар
ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысының
Әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев