Об утверждении Правил приватизации жилища из государственного жилищного фонда в городе Степногорске и прилегающих населенных пунктах Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласы мен іргелес елді-мекендердегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 41 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесін іске асыру мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласы мен іргелес елді-мекендерде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, 2006 жылғы шілденің 1-нен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 3
Степногорск қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 22 мамырдағы
қаулысымен
Бекітілген
Степногорск қаласы мен іргелес елді-мекендердегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жекешелендіру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Степногорск қаласында және іргелес елді-мекендердегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесіне сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Ереже Степногорск қаласында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе және Қарабұлақ селолық округінде мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру жағдайы мен тәртібін реттейді.
Тармақ 3
3. Ережеде пайдаланатын негізгі ұғымдар жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық кесімдермен белгіленген өз мәніне сәйкес қолданады.
Тармақ 4
4. Сонымен қатар Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
Тармақша 1
1) әкім аппараты - Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе және Қарабұлақ селолық округі әкімдерінің аппараттары;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган - Степногорск қаласының әкімдігімен мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.
Тармақ 5
5. Жекешелендіру өтеусіз тапсыру немесе сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік тұрғын үй қорының өздері тұратын тұрғын үй-жайларын:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларында;
Тармақша 2
2) 1 және 2 топтағы мүгедектерде (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
Тармақша 3
3) мүгедек-балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларында;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың аса ауыр түрлерімен ауратын тұлғаларда;
Тармақша 5
5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметті атқару, адам өмірін аман алып қалу, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза болған тұлғалардың отбасыларында;
Тармақша 6
6) айыру аймағында Чернобыль АЭС-да апат зардабын жоюға қатысқан қатысушыларда;
Тармақша 7
7) ДЕСК қортындысы бойынша Семей ядролық полигонындағы жарылыс салдарынан, сондай-ақ басқа да азаматтық немесе әскери ядролық нысаналарда радиациялық сәулеленуден денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарда;
Тармақша 8
8) интернационалдық борышты орындауына байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлерде;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тұрғын үй қорының үй-жайларында 15 жылдан астам тұрған тұлғаларда өтеусіз меншігіне алу қүқығы бар.
Басқа санаттағы жалға алушыларда тұрғын үй-жайды сатып алу жолымен жекешелендіруге қүқығы бар.
Тарау 2. 2. Жекешелендіру тәртібі
2. Жекешелендіру тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жекешелендіру іс жосығы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жекешелендіру туралы өтініш тіркеу;
Тармақша 2
2) жекешелендіру мүмкіндігін анықтау (жекешелендіру тетігін таңдау);
Тармақша 3
3) жекешелендіру туралы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысын шығару;
Тармақша 4
4) жекешелендіру туралы шарт бекіту (өтеусіз тапсыру);
Тармақша 5
5) жекешелендіретін тұрғын үй-жайға құқығын мемлекеттік тіркеу.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жалға алушысы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе әкімнің аппаратына тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш тапсырады.
Әкім аппаратында өтініш тіркелгеннен кейін соңғы жеті күн мерзімінде уәкілетті органға құжаттарды қосымшаларымен бірге тапсырады.
Тармақ 9
9. Жекешелендіру өтінішіне жалға алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй-жайды некеде тұратын жалға алушылары үшін неке қию (бұзу) туралы куәліктері);
Тармақша 2
2) осы елді мекенде бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің әр қайсысына тұрғын үй-жай жеке меншігінде жоқтылығы туралы тіркеу органның анықтамасы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жалға алу шарты (немесе ордер);
Тармақша 4
4) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) тұрақты тұратын кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерінің, соның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайды жекешелендіруге жазбаша түрде нотариалды куәландырылған келісімі;
Тармақша 6
6) жекешелендіретін тұрғын үй-жайды мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу органның анықтамасы;
Тармақша 7
7) өтініш беру кезінде тұрғын үй-жайды үстауға коммуналдық көрсетілетін қызметтер мен басқа да шығындар бойынша берешектер жоқтылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 8
8) Ереженің 6 тармағымен белгіленген санаттарға жататынын растайтын құжаттардың көшірмесі.
Тармақ 10
10. Өтінішті тіркеуден бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) керек құжаттардың толық тапсырмағаны;
Тармақша 2
2) белгіленген талаптарды бұзып ұсынылған құжаттар негіздері болып табылады.
Тармақ 11
11. Өтініш тіркеуден бас тарту үшін негіз болған бұзулар жойылған кезде, азамат тұрғын үйді жекешелендіруге қайтадан өтініш тапсыруға құқылы.
Тармақ 12
12. Жекешелендіруге өтініш тіркелген кезінен бастап бір ай ішінде қаралады.
Тармақ 13
13. Уәкілетті органмен өтінішті қарау нәтижесі бойынша жекешелендіру жөнінде Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасы немесе жекешелендіруден бас тарту туралы қорытынды дайындалады.
Тұрғын үй-жайды жекешелендіруден бас тарту қала әкімінің хатымен ресімделіп, дәлелді болу керек.
Тармақ 14
14. Жекешелендіру туралы Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасында болу керек:
Тармақша 1
1) сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты (оның болған кезінде) және тұрғылықты жері;
Тармақша 2
2) тұрғын үй жайдың пайдалы алаңы және оның орналасқан жерінің сипаттамасы (елді мекен және оның ауданы, көшесі, үйдің, пәтердің, бөлменің нөмірі);
Тармақша 3
3) тұрғын үйдің құны (сатып алу жолымен жекешелендіру кезінде).
Тармақ 15
15. Жекешелендіру жөнінде Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының негізінде уәкілетті орган жалға алушымен Ереженің 1, 2 қосымшаларымен белгіленген нысан бойынша он күндік мерзімінде жекешелендіру (өтеусіз тапсыру) туралы шарт бекітеді.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй-жайдың құнын белгілеу
3. Тұрғын үй-жайдың құнын белгілеу
Тармақ 16
16. Сатып алу жолымен тұрғын үй-жайды жекешелендіру кезінде жекешелендіру туралы әрі қарай шартты ресімдеу үшін тұрғын үй-жайдың құны белгіленеді.
Тұрғын үй-жайдың құнын анықтау үшін есеп айырысу белгіленген формула бойынша уәкілетті органмен Ереженің 3 қосымшасына сәйкес коэффициенттерді қолданылып өткізіледі.
Тармақ 17
17. Сатып алуға жататын тұрғын үй-жайдың құны келесі формула бойынша белгіленеді:
Қ=СҚ х Кт, ол:
Қ - тұрғын үй-жайдың құны теңгеде;
Қс - салық салынатын тұрғын үй-жайдың құны;
Кт - түзету коэффициенті;
Тармақ 18
18. Түзету коэффициентері болып саналады:
Тармақша 1
1) Ак - аудандық коэффициент, тұрғын үй-жайдың орналасуына байланысты түзетуді енгізеді.
Тармақша 2
2) Кту - тұру уақытының коэффициенті, тұрғын үй-жайында тұру мерзіміне байланысты белгіленеді;
Тармақша 3
3) Кәлеумет - Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғаланатын топтарына азаматтарды есепке алу коэффициенті;
Тармақша 4. Пәтерді (үйді, бөлмені) жекешелендіру туралы шарт
4) Көтілі - мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымдарда жұмыс өтілін есепке алатын коэффициенті.
Степногорск қаласы мен
іргелес елді-мекендердегі
мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үй-жайды
жекешелендіру Ережесіне
1 қосымша
Пәтерді (үйді, бөлмені) жекешелендіру туралы шарт
Степногорск қ. № 200_жылғы«_» _____
Степногорск қаласы әкімдігінің 200_ жылғы «_»_____ қаулысымен бекітілген Бөлім туралы ереженің негізінде іс-әрекет жасайтын Степногорск қаласының _____ бөлімі атынан бастығы _____ одан әрі «Сатушы» деп аталатын және азамат _____ , жеке куәлік № _____ _____ берілген одан әрі «Сатып алушы» деп аталатын, Степногорск қаласы әкімдігінің 200_ жылгы «_»_____ № _____ қаулысын негізге алып шартты бекітті:
Тармақ 1
1. Сатушы тапсырады, ал Сатып алушы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері, соның ішінде уақытша тұрмайтындар да
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
жалпы ортақ меншігіне _____ мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерді (үйді, бөлмені) ортақ меншігіне сатып алады.
Пәтер _____ бөлмеден түрады, _____ пайдалы алаңы, соның ішінде _____ тұрғын алаңы.
Пәтердің құны қосындысында _____ теңге болып анықталды.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Степногорск қалалық бөлімшесі РМК-да мемлекеттік тіркеу кезінен бастап пәтерге меншік құқығы беріледі.
Тармақ 3. Пәтерді (үйді, бөлмені) өтеусіз тапсыру туралы шарт
3. Осы шарт Сатушы, Сатып алушы және тіркеу органы үшін 3 данада жасалған.
Сатушы Сатып алушы
МО
Степногорск қаласы мен
іргелес елді-мекендердегі
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үй-жайды жекешелендіру
Ережесіне 2 қосымша
Пәтерді (үйді, бөлмені) өтеусіз тапсыру туралы шарт
Степногорск қ. № _____ 200_ жылғы «__»_____
Степногорск қаласы әкімдігінің 200_ жылғы «__»_____ қаулысымен бекітілген Бөлім туралы ереженің негізінде іс-әрекет жасайтын Степногорск қаласының _____ бөлімі атынан бастығы _____ одан әрі «Сатушы» деп аталатын және азамат _____, жеке куәлік № _____ _____берілген одан әрі «Сатып алушы» деп аталатын Степногорск қаласы әкімдігінің 200__ жылғы «_»_____ № _____ қаулысын негізге алып шартты бекітті:
Тармақ 1
1. Сатушы тапсырады, ал Сатып алушы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері, соның ішінде уақытша тұрмайтындар да
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
жалпы ортақ меншігіне _____ мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерді (үйді, бөлмені) ортақ меншігіне сатып алады.
Пәтер _____ бөлмеден тұрады, _____ пайдалы алаңы, соның ішінде _____ тұрғын алаңы.
Пәтердің құны қосындысында _____ теңге болып анықталды.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Степногорск қалалық бөлімшесі РМК-да мемлекеттік тіркеу кезінен бастап пәтерге меншік құқығы беріледі.
Тармақ 3. Сатып алуға жататын тұрғын үй-жайдың құнына түзету коэффициенттері
3. Осы шарт Сатушы, Сатып алушы және тіркеу органы үшін 3 данада жасалған.
Сатушы Сатып алушы
МО
Степногорск қаласы мен
іргелес елді-мекендердегі
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үй-жайды жекешелендіру
Ережесіне 3 қосымша
Сатып алуға жататын тұрғын үй-жайдың құнына түзету коэффициенттері
№
р/р
Атауы
Санаты
Түзету коэффициенті
1.
Ак
1, 2, 3, 5 шағын аудандар
0,99
4, 7 шағын аудандар
0,98
6, 9 шағын аудандар
0,96
қаланың басқа да аудандары, Ақсу, Заводской кенттері
0,95
Қарабұлақ селолық округі, Шаңтөбе кенті
0,94
Бестөбе кенті
0,93
2
Кту
бір жылға дейін
1,35
1 жылдан 3 жылға дейін
1,05
3 жылдан 5 жылға дейін
0,95
5 жылдан 7 жылға дейін
0,85
7 жылдан 10 жылға дейін
0,75
10 жылдан астам
0,65
3
Кәлеумет
0,90
4
Көтілі
өтілі 10-нан 15-жылға дейін болған кезде
0,97
15-тен 20 жылға дейін
0,95
20-дан 30 жылға дейін
0,93
30 жылдан астам
0,90