О корректировании цен, представляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жиырма пайызға азайту жолымен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Сүлейменова) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға үміткер арыз берушінің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Н. Назароваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы 2006 жылдың 1 сәуірінен қолданысқа енгізіледі.