Аудандық қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы №151 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №208-I Қылмыстық атқару Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағы және 37 бабының 8 тармағы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы от 30.05.2006 г. № 104 (Аудандық қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы)
1. Аудандық соттың үкімімен 2006 жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға (тарту түріндегі) жазаны өтеу үшін келісім бойынша кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілері қоғамдық жұмыс объектілері болып белгіленсін.
2. Кәсіпорындар мен шаруашылық басшыларынан (келісім бойынша) жазасын өтеуге жіберілген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету сұралсын.
3. Аудандық қылмыстық атқару инспекциясы (Каримов Б-келісім бойынша) қоғамдық жұмыс объектілері басшыларымен және жергілікті округ әкімдерімен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жасзасын өтеу тәртібі жөнінде түсінік беру ұсынылсын.
4. Аудан әкімінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №18 «Ауданда қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің аппарат басшысы, әкімият мүшесі А.Тәжібаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық қылмыстық атқару
инспекциясының аға маманы,
аға инспекторы Каримов Бауыржан
«Серпер» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
бастығы Жүгінісов Болат
«Шакупов» шаруа қожалығының
төрағасы Шакупов Жұмажан
«Темірәлі-тұрмыс» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің бастығы
Теміралиев Еркебұлан