Об утверждении Правил финансирования и кредитования работ и услуг из республиканского внебюджетного фонда "Новая столица" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң ережелерiн бекiту туралы "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 қарашадағы N 1582 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
Басқа 1. "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң ережелерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы N 1197 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қорынан жұмыстар мен қызмет көрсетулердi қаржыландыру мен кредиттеудiң ережелерi
Тармақ i
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын абаттандыру және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi шығындарды "Жаңа астана" бюджеттен тыс республикалық қоры (бұдан әрi - Қор) есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң қаулыларына, осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қор қаражаты есебiнен жұмыстарды қаржыландыру мен кредиттеу агенттiк келiсiмге сәйкес өкiлеттi банк арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ ii
II. Қор қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын шығындар
Тармақ 3
3. Қор қаражаты тек қана Қазақстан астанасын көшiру және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының және Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) шешiмдерiнде көзделген шығындарды қаржыландыруға жұмсалады және осы Ережеде қарастырылғаннан басқа мақсаттарға алып қоюға немесе жұмсауға жатқызылмайды.
Тармақ iii
III. Қор қаражатын пайдалануға қатысты жұмыстарға қатысушы субъектiлер
Тармақ 4
4. Тапсырыс берушiлер: Ақмола қаласына қоныс аударуға жататын мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Комиссияның айқындауы бойынша Алматы қаласының және оның ықпал аймағының қазiргi заманғы инфрақұрылымын жасау жөнiндегi жекелеген жұмыс түрлерiн орындау жүктелген басқа да заңды тұлғалар.
Тармақ 5
5. Мердiгерлер: кез-келген заңды тұлғалар, соның iшiнде нақты объектi бойынша мердiгерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына ие болу конкурсында ұтып шыққан шетелдiк заңды тұлғалар; Комиссия жекелеген жұмыс түрлерi мен объектiлердi орындау үшiн белгiлеген заңды тұлғалар.
Тармақ 6
6. Қорды бөлушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы.
Тармақ iv
IV. Қор қаражатын берудiң негiздемесi
Тармақ 7
7. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген Бағдарлама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы мен Комиссияның шешiмдерi Қор қаржысын беру үшiн негiздеме болып табылады.
Тармақ v
V. Қаржыландыру ашудың тәртiбi
Тармақ 8
8. Қордың қаражаты есебiнен қаржыландыру мен кредиттеу үшiн тапсырыс берушi өкiлеттi банкке ағымдағы жылда жаңадан басталатын құрылыстардың күрделi құрылысының жоспары мен титулдық тiзiмдерiн бередi.
Тармақ 9
9. Өкiлеттi банк белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманың кейiн берiлуiмен жобалау-iздестiру, өлшеу-зерттеу жұмыстарын, құрылысты, жабдық сатып алуды бiрге қаржыландыруды жүргiзедi.
Тармақ vi
VI. Қор қаражатын берудiң тәртiбi
Тармақ 10
10. Комиссия өзiнiң шешiмiмен егер олар Бағдарламада айқындалмаған болса, жекелеген жұмыс түрлерiн орындау жөнiндегi тапсырыс берушiлердiң функциясын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және орталық атқарушы органдарға, сондай-ақ басқа да заңды тұлғаларға бекiтiп бередi. Тапсырыс берушiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiлген жұмыстардың түпкi нәтижелерi үшiн жауап бередi.
Тармақ 11
11. Тапсырыс берушiлер белгiленген тәртiппен тендер құжаттамасын әзiрлейдi, жобалау және құрылыс жұмыстарына тендер өткiзедi.
Тармақ 12
12. Тендер жеңiмпазы анықталғаннан кейiн тапсырыс берушiмен контракт жасалады.
Тармақ 13
13. Тендер нәтижесiнде теңгеде және АҚШ долларында айқындалған сома түпкiлiктi болып табылады және контракт жасау кезiнде өзгертуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының шешiмi бойынша Қор қаражаты тендер жариялаусыз, ал министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың өз қаражаттары - Комиссияның шешiмi бойынша берiлiне алады.
Тармақ 14
14. Белгiленген тәртiп бойынша рәсiмделген қаржыландыру немесе кредиттеу шарты мердiгердiң кепiлдiк мiндеттемесiн қоса алғанда, контрактiлiк құжаттама толық көлемiнде өкiлеттi банкке берiледi.
Тармақ 15
15. Барлық заңды тұлғалар - тапсырыс берушiлер бөлiнген мақсатты кредит қаражатын қайтарудың мерзiмдерi мен шарттарына сәйкес өкiлеттi банкпен кредиттiк шарт жасайды. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қайтарымсыз негiзде қаржыландырылады.
Тармақ vii
VII. Қор қаржыларын пайдаланудың тәртiбi
Тармақ 16
16. Күрделi құрылыстағы қаржыландыруды, кредиттеудi және есеп айырысуды, сондай-ақ ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты жұмыстарды қаржыландыруды смета бойынша бекiтiлген тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға арналған контрактiде көзделген көлемде өкiлеттi банк арқылы Қор жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мердiгерлiк ұйымдарға құрылыс материалдарын дайындауға берiлетiн жыл сайынғы аванс сомасы атқарылған жұмыстар көлемiнiң 50 процентiнен аспауы тиiс және басқа мақсаттарға жұмсалынуы мүмкiн емес, қарыздарды және мiндеттi төлемдердi төлеуге алып қоюға жатпайды. Тапсырыс берушiлер мен мердiгерлiк құрылыс-монтаж ұйымдарының арасындағы есеп айырысулар мердiгер шарттарының негiзiнде жүргiзiледi. Орындалған жұмыс көлемi үшiн тапсырыс берушiмен мердiгер қол қойған орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының құны туралы анықтаманың негiзiнде мердiгерлiк ұйымдардың өзге шығыстары мен шығындарын ескере отырып ай сайын есеп айырысулар жүргiзiледi.
Тармақ 18
18. Тапсырыс берушi мен жобалау ұйымдары арасындағы есеп айырысулар орындалған жобалық жұмыстардың кезең-кезеңi бойынша объектiлер бойынша жүзеге асырылады. Түпкiлiктi есеп айырысу әзiрленген құжаттамалар бойынша сараптаманың қосымша оң қорытындысы алынғаннан кейiн жүргiзiледi. Жобалау-iздестiру жұмыстарына арналған шарттарда жылдық жұмыс көлемiнiң 40 процентi мөлшерiнде аванс қарастырылуы мүмкiн.
Тармақ 19
19. Қордың пайдаланылмаған қаржысы жыл бойында өкiлеттi банктiң арнайы шотында қалады және келесi жылға ауыстырылады.
Тармақ viii
VIII. Қор қаражатын пайдалануға бақылау жасау
Тармақ 20
20. Қор қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасауды Қордың Байқаушы кеңесi және өкiлеттi банк жүзеге асырады. Осы қаражаттың мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 21
21. Өкiлеттi банк Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының және Қордың келiсiмi бойынша орындалған жұмыстардың көлемiне бақылау өлшемдерiн жүргiзедi, кемшiлiктер анықталған кезде алынған артық сомалар Қор есебiнен қалпына келтiрiледi, ал тапсырыс берушiден айыппұл сомасы қосылып жазылған соманың 10 процентi мөлшерiнде Қордың кiрiсiне өндiрiлiп алынады. IХ. Қор қаражатын пайдалану шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 22
22. Қордың қаражатын пайдалану шарттарын және шарт мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн кiнәлiлер Қазақстан Республикасы заңдарына және осы Ережеге сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 23
23. Шарттар және контрактiлер жасау кезiнде осы тарауда айтылған жауапкершiлiк шаралары шарттық және контрактiлiк құжаттаманың мәтiнiне мiндеттi түрде енгiзiлуге жатады. Х. Қор қаражатын пайдалану кезiндегi ерекше шарттар
Тармақ 24
24. Шетел инвестицияларын тартуға арналған контрактiлердi жасау кезiнде оларды пайдаланудың мiндеттi мынадай шарттары: қазақстандық құрылыс және жобалау ұйымдары кемiнде 30 процент; қазақстандық кәсiпорындардың өнiмдерi, жұмыстары және қызмет көрсетулерi кемiнде 30 процент болуы тиiс.
Тармақ 25
25. Қазақстанға шетел жұмыс күшiнiң әкелiнуiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң органдары жүзеге асырады.