О Комиссии по вопросам помилования при Президенте Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 16) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже;
Тармақша 2
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығы ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығы;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 3343 Жарлығы;
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы М 3841 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 20-құжат);
Тармақша 5
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 3892 Жарлығы;
Тармақша 6
6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 ақпандағы N 557 Жарлығы ;
Тармақша 7
7) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 қарашадағы N 719 Жарлығының 1-тармағы;
Тармақша 8
8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 6 наурыздағы N 821 Жарлығы;
Тармақша 9
9) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1288 Жарлығы ;
Тармақша 10
10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
Тармақша 11
11) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 20, 238-құжат).
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
1-ҚОСЫМШA
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шiлдедегi
N 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 5) тармақшасына және 38-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кешірім жасауды өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамның өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президентi өз қарауымен сотталған немесе жазасын өтеген адамға кешiрiм жасай алады.
Тармақ 4
4. Кешірім жасау туралы өтінішхат сот үкімі (қаулысы) заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Кешiрiм жасау:
Тармақша 1
Тармақша 1-1
1-1) өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;
Тармақша 2
2) жазаны одан әрi өтеуден босату не белгiлеген жазаның мерзiмiн қысқарту;
Тармақша 3
3) сот белгілеген жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру;
Тармақша 3-1
3-1) қосымша жаза түрінен босату;
Тармақша 4
4) жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан сотталғандықты алып тастау түрінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия
Тармақ 6
6. Кешiрiм жасау туралы материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамын Президент бекiтедi .
Тармақ 8
8. Комиссияны төраға басқарады.
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның мiндетi Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледi.
Тармақ 10
10. Комиссияның отырысы оның мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болып саналады.
Тармақ 11
11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.
Тармақ 12
12. Комиссия өз отырыстарына оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, сондай-ақ өзге де адамдарды шақыруға құқылы.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешiмi оның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Сотталған адам үшiн неғұрлым қолайлы мәселе дауысқа бiрiншi болып салынады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделiп, оған отырысқа қатысқан оның барлық мүшелерi қол қояды.
Шақырылған адамдар Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 14
14. Кешiрiм жасау туралы мәселе қаралған кезде:
Тармақша 1
1) жасалған қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен деңгейi, сотталған адамның жеке басы, оның мiнез-құлқы, еңбекке көзқарасы, бас бостандығынан айыру орындарындағы ынталы ұйымдардың жұмысына қатысуы, өтелмеген жаза мерзiмi, отбасы жағдайы және кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатты қарау кезiнде маңызы бар басқа да жағдаяттар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Бас Прокурорының және Ішкі істер министрінің сотталған адамға қатысты кешірім жасауды қолданудың орындылығы туралы қорытындылары;
Тармақша 3
3) жазаны орындайтын органдар әкімшіліктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының пікірлері (болған жағдайда);
Тармақша 4
4) сотталған адамға кешірім жасау туралы жәбірленушінің не оның заңды өкілінің өтінішхаты (болған жағдайда) зерделенеді және назарға алынады.
Тармақ 15
15. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол:
Тармақша 1
1) кешiрiм жасау туралы материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауы үшiн қажеттi материалдарды дайындауды;
Тармақша 2
2) Мемлекет басшысының кешiрiм жасау туралы жарлықтарының уақтылы орындалуын бақылауды;
Тармақша 3
3) кешiрiм жасауды қолданудың практикасын қорытуды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатты жолдау тәртiбi
3. Кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатты жолдау тәртiбi
Тармақ 16
16. Сотталған адам жазбаша түрде кешірім жасау туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасы Президентінің атына жүгінеді.
Тармақ 17
17. Бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты жазаны орындайтын мекеменің әкімшілігі арқылы беріледі.
Гауптвахтада өтеумен қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшінің) кешірім жасау туралы өтінішхаты жазасын өтеу орны бойынша әскери полиция органдары арқылы беріледі.
Бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы беріледі.
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы беріледі.
Айыппұлға сотталған не жазаны өтеген, не жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам кешірім жасау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Президентінің атына өзі жолдайды.
Тармақ 18
18. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.
Тармақ 19
19. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.
Тармақ 19-1
19-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.
Тармақ 19-2
19-2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.
Тармақ 20
Тармақ 24
24. Мекемелердің, жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі немесе ішкі істер органдары кешірім жасау туралы өтінішхатты тіркегеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдауы тиіс.
Кешірім жасау туралы өтінішхаттың жолданғаны туралы үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген адамға хабарланады.
Тармақ 25
25. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 1-1
1-1) сотталғанның өмірбаян деректері, оның отбасылық жағдайы, бұрынғы соттылығы, сотталғанға бұрын рақымшылық жасау актісін қолдану, сондай-ақ сотталғанның бұрынғы кешірім жасау туралы өтінішхаттарын қарау нәтижелері туралы мәліметтері көрсетілген сауалнама (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адамды қоспағанда);
Тармақша 2
2) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актілерінің куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 3
3) мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының пікірімен бірге кешірім жасау актісін қолданудың орындылығы туралы ұсынуы (жазаны өтеген не жазаны одан әрі өтеуден босатылған, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруға сотталған адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының ұсынуын қоса береді);
Тармақша 4
4) мінездеме (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мінездемесін қоса береді);
Тармақша 5
5) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 5-1
5-1) психологиялық мінездеме (мекеменің әкімшілігі қоса береді);
Тармақша 6
6) талап арыздары және өтелмеген берешегі туралы анықтама;
Тармақша 7
7) сотталған адамның, жазасын өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамның қалауы бойынша, сондай-ақ мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының бастамасы бойынша кешірім жасауды қолдану туралы мәселені қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.
Комиссияның жұмыс органы мекемелер, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан кешiрiм жасау туралы мәселені қарау үшін маңызы бар қосымша материалдарды сұратып ала алады.
Тармақ 26
26. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және мекемелер, ішкі істер органдары, жазаны орындайтын органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі, тиісті органдардың басшылығы куәландырады.
Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам өзі жолдаған материалдарды нотариат куәландыруға тиіс.
Тармақ 27
27. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.04.2015 № 1036 Жарлығымен.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің қарауы бойынша адамға кешірім жасау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы мекеме, жазаны орындайтын орган әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан, не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамнан қажетті құжаттарды сұратады.
Тармақ 29
29. Кешiрiм жасау туралы өтiнiшхатты жолдаған мекеме әкiмшiлiгi немесе жазаны орындаушы орган:
Тармақша 1
1) сотталған адам қайтыс болған;
Тармақша 2
2) сотталған адам басқа мекемеге ауыстырылған;
Тармақша 3
3) кешiрiм жасау туралы мәселенi шешуге ықпал ететiн өзге де жағдаяттар пайда болған жағдайда Комиссияны хабардар етуге тиiс.
Тарау 4. 4. Кешiрiм жасау туралы өтiнішхаттарды қарау бойынша iс жүргiзу
4. Кешiрiм жасау туралы өтiнішхаттарды қарау бойынша iс жүргiзу
Тармақ 30
30. Кешірім жасау туралы өтінішхаты бар келіп түскен материалдарды Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Жоғарғы Сотына және Ішкі істер министрлігіне жібереді, олар келіп түскен сәттен бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған сот шешімдерінің мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді және кешірім жасау туралы әрбір өтінішхаттың мән-жайы жөнінде өз пікірлерін көрсете отырып, қорытындыларды ұсынады.
Соттаудың негізсіздігі немесе заңдылықтың бұзылуы жөнінде тексеруді қажет ететін деректер келтірілген кешірім жасау туралы өтінішхаттарды жұмыс органы не Комиссия тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
Кешірім жасау туралы өтінішхатпен қоса ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, Комиссияның жұмыс органы оларды пысықтауға қайтарады.
Тармақ 31
31. Жұмыс органы кешірім жасау туралы өтінішхаттары бар материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша және тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын алғаннан кейін Комиссияның қарауына енгізеді.
Кешірім жасау туралы өтінішхаттарды Комиссияның қарауына енгізуге негіздер болмаған жағдайда, жұмыс органы бұл туралы мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына кешірім жасау туралы өтінішхат берген адамды не осындай өтінішхатпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін хабарлайды.
Тармақ 32
32. Комиссияның ұсыныстарын қараудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті кешірім жасау туралы жарлықтар шығарады, олар шағымдануға жатпайды.
Кешірім жасау туралы өтінішхаттарды қабылдамаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы бұл туралы кешірім жасау туралы өтінішхат берген адамды не осындай өтінішхатпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 33
33. Кешірім жасау туралы жарлықтар қадағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, орындалу үшін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне немесе жазаны орындайтын өзге органдарға жіберіледі.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе жазаны орындайтын өзге орталық мемлекеттік органдардың басшылары ұсынады.
Тармақ 35
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
2-ҚОСЫМШA
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шілдедегі
№ 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
Бәшімов
Марат Советұлы
–
қоғам қайраткері, заңгер, төраға (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Асанов
Жанна Бейсентайқызы
–
«Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)
Борчашвили
Исидор Шамилович
–
заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
Әубәкірова
Индира Оралқызы
–
заң ғылымдарының докторы(келісім бойынша);
Тұрмағамбетова
Жемiс Өтегенқызы
–
«Адам құқығының хартиясы» қорының атқарушы директоры (келісім бойынша).
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.
_________________