Об оказании инвалидам дополнительных видов социальной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының екінші абзацы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес арнаулы жүріп-түру құралдарымен қамтамасыз етілетін және спорт жарыстарына және спорттық-бал билеріне қатысатын мүгедектер үшін тегін спорттық кресло-арбалар және биге арналған кресло-арбалар (бұдан әрі- кресло-арбалар) беру түрінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес спорт жарыстарына және спорттық-бал билеріне қатысатын мүгедектерді облыстың бюджет қаражаты есебінен кресло-арбалармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 11.02.2014 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) спорт жарыстарына және спорттық-бал билеріне қатысатын мүгедектерге кресло-арбаларды беруді кезек тәртібімен және облыстың бюджет бөлген қаражат шегінде жүргізсін.
Тармақ 2-1
2-1. Кресло-арбаларды алу үшін мүгедектер мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) өтінішті;
Тармақша 2
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндіні;
Тармақша 3
3) жұмыс беруші–жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң–жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.
Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау облысы әкiмiнiң орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсiн.