Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы. Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Балалы отбасыларға берілетін мемтекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары бекітілсін./қосымша/
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау әлеуметтік сала және заңдылық, /Исатаев К./ аумақтың экономикалық дамуы мен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі /Поляков А./ тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан бастап іске енеді.
Басқа 4. Аз қамтылған азматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидалары
Қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 7 маусымдағы
XXIV сессияының № 203/23 шешіміне
Қосымша
Аз қамтылған азматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидалары
Осы Қағида «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлкеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәрібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жәрдемақыларды беру жөніндегі үәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
Тармақша 2
2) қалалық телекоммуникациялар желісінің абонеттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абонеттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) – тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арнлаған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы;
Тармақша 3
3) отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
Тармақша 4
4) отбасының жиынтық табысы – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы
Тармақша 5
5) өтініш беруші – жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
Тармақша 6
6) уәкілетті мемлкеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы Шахтинск аймағында тұрғылықты тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйдә ұстауға, қатты отын сатып алуға, сонымен қатар қалалық телеккоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындардың шектік үлесі жыл сайын сәйкесінші жылға бюджет бекітілген кезде Мәслихаттың шешімімен белгіленеді. 2006 жылға тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне, қатты отын сатып алуға және қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығандардың шектік үлесі отбасының жиынты
қ табысына 20% мөлшерінде белгіленеді.
Тарау 2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерің анықтау
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерің анықтау
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәпдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарымен келесі нормалар бойынша беріледі:
Тармақша 1
1) өтемақылық шаралармен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін – 30 шаршы метр.
Тармақша 2
2) газды тұтыну нормасы:
Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда – адамға айына 8 килограмм;
Орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – 1 адамға айны 10 килограмм.
Тармақша 3
3) электр қуатын тұтыну нормасы:
Газ плитасымен жабдықталған үйлерде – отбасына айына 150 киловатт;
Электр плитасымен жабдықталған үйлерде – отбасына айына 250 киловатт.
Тармақша 4
4) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс шығаруды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің коопертиві, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және тағы басқа) басқару нышанына байланыссыз қызмет көрсетуші қызмет көрсетудің түріне сәйкес тарифті бекіткен кезде қарастыррылған норма бойынша есептеледі.
Тармақша 5
5) қатты отынды тұтыну нормасы:
Жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде 1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1 2 қабатты салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм.
Түрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша Шахтинск аймағының аумағында өткен тоқсандағы қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және қатты отында белгіленген нормадан жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақылары Шахтинск аймағының аумағында тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
Тармақ 7
7. Егер де Медициналық санитарлық сараптама қорытындысы бойынша мүгедек деп танылған адамдар, мүгедектерді және 80 жастан асқан күтімді қажет етеді деп танылған адамдарға күтім жасайтын немесе 3 жасқа дейінгі баланы (бір немесе одан көп) тәрбиелеумен айналысатын, сонымен қатар кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанда дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) 4 және одан да көп баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда, отбасында еш жерде жұмыс істемейтін, күндізгі оқу нышаны бойынша оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдар тұрса, одай отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алыңбай, аудан нормасының 1 адамға 18 шаршы метр және коммуналдық қызметті тұтыну нормасы 1 адамға деп ескере отырып тағайындалуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Дау – жанжалдық немесе қалыпсыз жағдайлар туған кезде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселені шешу сот арқылы шешіп алуға болады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық өызметтер, қатты отынды сатып алуға айғақтық шығаннан және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол, қолма-қолсыз ақы және аралас нышанда беріледі.
Қолма-қол ақы нышаны ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар жергілікті бюджет қаражатты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Қолма-қолсыз ақы төлемнің нышаны берілген қызмет түріне шақ келетін тұрғын үй жәрдемақысының соммасына тең соммаға коммуналдық қызмет түрінің әрқайсысына төлемді азайту түрінде белгіленеді. Бұл жағдайда қызметін әр түрлі бойынша тұрғын үй жәрдемақысының соммасы тұрғын үй жәрдемақысын тағаыйндау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жәрдемақы алушының жеке шотына есепке жатқызу үшін коммуналдық қызметті жеткізушілерге аударылады.
Араласа нышан берілген қызмет түріне шақ келетін тұрғын үй жәрдемақысының соммасына тең соммаға коммуналдық қызмет түрінің жеке (жәрдемақы алушының таңдауы бойынша бір немесе бірнене) төлемді азайту түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган таңдалған қызмет түрі бойынша тұрғын үй жәрдемақысының соммасын жәрдемақы алушының жеке шотына есепке жатқызу үшін коммуналдық қызметті жеткізушілерге аударылады. Жәрдемақының қалған бөлігін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган қолма қол ақы нышанында азаматтардың салымдары бойынша шоттарына есепке жатқызу арқылы төлейді.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу нышанын таңдау құқығы (қолма-қол ақы, қолма-қолсыз ақ аралас) алушыға беріледі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті мемлекеттік органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар ) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтаға тұруға және күшін жойдыруға құқығы бар. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтаға тұру және күшін жойдыру мәселесін тұрғын үй жәрдемақысын алушысының шақыралуымен арнайы комиссия қарайды. Комиссия шешімінің көшірмесі өтініш берушіге тапсырылады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысы тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен алты айға тағайындалады. Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақысын есептеу тоқтатыла тұрып, құжаттар ұсынылған айдан бастап қайта жүргізіледі. Келісім- шарттың әсерінің мерзімінің аяғына дейін табыстары туралы және отбасы құрамы туралы мәлімет тапсырмаған отбасыларына қалған айларға тұрғын үй жәрдемақысы есептелмейді.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті мемлекеттік органға келесі құжаттармен өтінеді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжат ( ордер, тұрғын үй жекешелендіру туралы келісім – шарт, сату – сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
Тармақша 3
3) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжат;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжат (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, 65 жастан асқан жалғызбасты адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері, жалғыз басты ананың анықтамасы) түпнұсқалары мен көшірмелері;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің қызмет түрін растайтын құжаттар (еңбек кітапшалары, жеке еңбек келісім – шарттары, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
Тармақша 6
6) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы берілген үлгідегі мәліметтер, қатты отын сатып алғандығын растайтын анықтамалар;
Тармақша 7
7) белгіленген тәріптегі отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет және оларға растайтын құжаттар (жалақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар, пошталық аударымдардың түбіртектері және тағы басқалар жөнінде анықтама);
Тармақша 8
8) жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасын тапсырады.
Тармақ 15
15. Ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті мемлекеттік органның маманы белгіленген үлгідегі отбасы құрамы жөніндегі мәліметті толтырады, құжаттардың көшірмелерін растамалайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал өтініш қажетті көшірмелермен, белгіленген үлгідегі мәліметтер мен анықтамалармен бірге тұрғын үй жәремақысын тағайындау жөніндегі журналға тіркеледі. Жірдемақыға құқығын анықтаған кезде басқа қалаларда уақытша тұрып жатқан адамдар оны сәйкес құжаттармен растаған жағдайда отбасына есептелмейді.
Тармақ 16
16. Қажеттелігіне қарай уәкілетті мемлекеттік орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық – тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырмасы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне қосылады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті мемлекеттік орган ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша өтініш берген уақыттан бастап 10 күн ішінде есептеу жүргізеді және отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылпды. Уәкілетті мемлекеттік органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, оның түбіртегі өтініш берушінің өтіміне қарай беріледі. Қатты отынды сатып алуға кеткен шығынды есептеу бір жылда бір рет қатты отынды сатып алғандығы жөніндегі анықтаманың негізігде есептеледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтынуға, қатты отынды сатып алуға өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде нақты шығындармен, қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем және тұрғын үй жәрдемақысына үміткер отбасының шектік жіберілетін шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 19
19. Өтініш беруші шынайы емес мәліметтер бергені үшін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалықтарына қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауакершілік жүргізеді.
Тармақ 20
20. Ақпараттардың шынайылығына күмән келтірілген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті.
Тармақ 22
22. Ұсынған сай келетін жұмыспен бас тартқан немесе қоғамдық ақы төленетін жұмыстардан немесе оқуды өз еріктерімен тоқтатқан жұмыссыз азаматтары бар отбасылар арнайы комиссияның қорытындысы бойынша бас тартқан, оқуды тоқтанқан немесе қоғамдық ақы төленетін жұмыстарға қатысуды тоқтатқан уақыттан бастап бір жыл ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал артық төленген соммалар өз еркімен немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайтарылуға жатады.
Тармақ 23
23. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй жәрдемақысын ұсынуға негіздемесіз келісім – шарт жасауға немесе жәрдемақыны жоғары мөлшерде есептеу мен төлеуге әкеліп соқтырған шынайы емес мәліметтер ұсынылған жағдайда, арнайы комиссияның қорытындысы бойынша өтініш беруші бір жылдың ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, тұрғын үй жәрдемақысы түрінде алынған заңсыз соммалар өз еркімен немесе заңнамамен белгіленген тәртіпке қайтарылуға жатады.