Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақысын және
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына
өтемақы берудің қағидасын бекіту туралы
«Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі №949 қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Борисов Петр Евгеньевич).
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің қағидасы
Сәтбаев қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 13 маусымдағы
ХХХІ сессиясының
№ 345 шешімімен бекітілген
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің қағидасы
Осы Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәрібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
Тармақша 2
2) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты, бірге өмір сүретін және заңда белгіленген тәртіппен бір мекен-жайда тіркелген тиісті адамдар тобы;
Тармақша 3
3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
Тармақша 4
4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
Тармақша 5
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақша 6
6) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
Тармақша 1
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 10 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында қалалық статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
Отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
Тармақша 3
3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
Тармақша 4
4) тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысы осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
Тармақ 7
7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
Тармақ 8
8. Даулы немесе сәйкес келмейтін жағдайлар туындаған кезде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселе шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең сомасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу нысанын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
Тармақ 11
11. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
Тармақ 12
12. Уәкілетті органдар азаматтардың себепсіз (сырқаттануы, уақытша болмауы және басқа) бір ай ішінде тұрғын үй мен коммуналдық қызмет шығындарын тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін төлемесе олар тұрғын үй жәрдемақысын тоқтауға немесе бермеуге құқылы. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтату немесе мүлде бермеу мәселесі оны алушыны комиссияға шақыру арқылы қаралады. Комиссия шешімінің көшірмесі өтініш берушіге беріледі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысы төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері
4. Тұрғын үй жәрдемақысын беру мерзімдері
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысы тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген айдан бастап бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасыларына тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу, себебеіне қарамай, құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
Тармақ 16
16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
Тармақ 17
17. Жәрдемақы алуға құқығы барларды анықтау кезінде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақысын өтіну және есептеу тәртібі
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді:
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
Тармақша 4
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
Тармақша 7
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
Тармақша 8
8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтері есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) отбасы мүшелерінің табысы жөніндегі мәлімет;
Тармақша 10
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
Тармақ 19
19. Құжаттар түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Тармақ 20
20. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 21
21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
Тармақ 22
22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 23
23. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.