Об организации санаторно-курортного лечения участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, граждан, трудившихся и проходивших воинскую службу в тылу, лиц, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и областью Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңестірілген адамдарды, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарды, Қазақстан республикасына және облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарды санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңестірілген адамдарды, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарды, Қазақстан Республикасына және облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарды (бұдан әрі-дербес зейнеткерлер) санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету облыстық бюджет қаражаты есебінен санаторий-профилакторийге жолдамалар беру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырудың уәкілетті органы (бұдан әрі-уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырудың қызметін көрсетуді сатып алуды жүргізеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган сатып алынған жолдамаларды кесім бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсырады.
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, оларға теңестірілген адамдардың, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтардың,дербес зейнеткерлердің санаторий-курорттық емдеуге құжаттарын ресімдеу және есепке алу аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жүргізіледі. Жолдама алу үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен; үй кітабымен; санаторлық-курорттық емдеудің қажеттігі туралы медициналық мекеменің анықтамасымен және өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжатымен аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш білдіреді.
Тармақ 6
6. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен нөмірленген, тігілген, мөрмен расталған болуы тиіс өтініштерді тіркеу және жолдамаларды беру журналы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаторлық-курорттық емдеу, олардың жастарының ұлғаюы және денсаулықтарының жайы ескеріліп, облыс аумағында тұрған санаторий-профилакторийлерде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарды, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарды және дербес зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеу республика аумағында тұрған санаторий-профилакторийлерде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жолдамалар күнтізбелік жылда бір реттен артық берілмейді.
Тармақ 10
10. Жолдаманы белгілі бір себептермен (қайтыс болу, сырқаттану басқа себептермен) пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда, ол аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қайтарылуы және кезектілік тәртібімен басқа адамдарға берілуі тиіс.
Тармақ 11
11. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жолдамалардың дұрыс табыс етілуіне жауапкершілік артады.
Тармақ 12
12. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері уәкілетті органға ай сайын айдың 5-не берілген жолдамалар жөнінде есеп береді.
Тармақ 13
13. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жолдамалардың дұрыс және дер кезінде табыс етілуіне бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Қаржы департаменті (М.Б.Әлібекова) облыстық бюджет қаражаты есебінен санаторлық-курорттық емдеудің шығынын дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 15
15. Маңғыстау облысы әкімиятының ''Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы'' (Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда N 1366 болып тіркелген) 2003 жылғы 29 қаңтардағы N№4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 16
16. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
Тармақ 17
17. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.