Об областной Комиссии по делам семьи и гендерной политике Күшін жойған
Басқа 0
Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
облыстық комиссия туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы"»Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 138 қаулысын орындау үшін Шығыс қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсін.
Басқа 5. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
облыстық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 21 маусымдағы
№ 656 қаулысымен бекітілген
Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
облыстық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, әкімнің шешімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі отбасы мен гендерлік теңдікке қатысты кешенді өңірлік, облыстық бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) отбасы мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) облыстағы гендерлік жағдайды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 4
4) әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша өңірлік тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 5
5) мыналарға:
әйелдерді басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 % өкілдігі болуына;
халыққа гендерлік білім беру мен ағартуға, гендерлік білім беру жөнінде оқу-әдістемелік әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, ата-аналарды гендерлік теңдік мәселелері бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштер енгізуге;
экономикалық саладағы гендерлік теңдікке қол жеткізуге, кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнесті дамытуға, экономикалық білім беру орталықтарын ұйымдастыруға;
отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге;
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түптамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізуге жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) ерлердің, әйелдер мен балалардың денсаулығын, соның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдарымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
Тармақша 8
8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау, облыс әкіміне тиісті ұсынымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 9
9) отбасы, гендерлік теңдіктің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттіктері
3. Комиссияның өкілеттіктері
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) өзінің мәжілістерінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен және заңды тұлғалардан қажетті құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасауға;
Тармақша 4
4) әкімдіктер мен облыстың, қалалар мен аудандар әкімдерінің отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін қозғайтын актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдерін Комиссияның жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін комиссия мәжілістеріне шақыруға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолдай алады.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметін облыс әкімдігі бекіткен Ереженің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасымен келісім бойынша тағайындалатын төраға басқарады.
Комиссия төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 8
8. Комиссияға, әдетте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдері кіреді.
Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімді отырысқа қатысып отырған өз мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 11
11. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның қызметін ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін жасайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 5
5) тоқсан сайын әкім мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
Тармақша 6
6) оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.
Тармақ 12
12. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша Комиссия мәжілістерінде орынбасар төрағалық етеді.
Тармақ 13
13. Комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия отырыстарының күн тәртібін дайындайды;
Тармақша 2
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және оны бақылайды;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз дербес қатысады.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
5. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 15
15. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Аппарат басшысы