Об амнистии в связи с легализацией незаконных трудовых иммигрантов Қолданыста
Басқа 0
Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын заңсыз еңбектенуге көшiп кeлушiлердi жария ету жөнiнде мемлекеттiң бiржолғы акция өткiзуiн реттейдi.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Жария ету осы Заң қолданысқа енгiзiлгеннен күнтiзбелiк алпыс күн бұрын Қазақстан Республикасына келген және осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еңбегiн пайдаланатын Қазақстан Республикасының жұмыс берушілерiне қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның күшi осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған:
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген;
Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттары жоқ;
өзi туралы, оның iшiнде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы туралы жалған мәлiметтердi хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
лицензия алуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.
Бап 2. 2-бап. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету мерзiмi
2-бап. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету мерзiмi
Заңсыз еңбектенуге көшiп келушілердi жария ету 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында жүргiзiледi.
Бап 3. 3-бап. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету тәртiбi
3-бап. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету тәртiбi
Тармақ 1
1. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария етудi осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған шетелдiктердiң еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушi оларды iшкi iстер органдарында еңбектенуге көшiп келушiлер ретiнде тiркеу жолымен жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету үшiн жұмыс берушiлер еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына еңбектенуге көшiп келушiлердi тiркеу туралы өтiнiш бередi.
Өтiнiште:
Тармақша 1
1) жұмыс берушi туралы деректер:
жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi;
жеке тұлғаның тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 2
2) еңбектенуге көшiп келушілер peтiнде тiркелетiн шетелдiктер туралы деректер:
тегi, аты, әкесiнiң аты;
азаматтығы;
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы көрсетiледi.
Өтiнiшке:
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жасасылған жеке еңбек шартының көшiрмесi;
шетелдiктердiң жеке басын куәландыратын құжаттары және көшi-қон карточкалары қоса берiледi.
Тармақ 3
3. Тiркеу туралы өтiнiш берiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
Тармақ 4
4. Осы Заңда белгiленген талаптар сақталған кезде iшкi iстер органдары ерекше үлгідегі көшi-қон карточкасын беpe отырып, шетелдiктi тiркеудi жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушiлер және еңбектенуге көшiп келушiлер ретiнде тiркелген шетелдiктер туралы мәлiметтердi тiркеудi жүзеге асырған аумақтық iшкi iстер органы жария етілген еңбектенуге көшiп келушiлер тiзiлiмiне енгiзедi.
Жария етiлген еңбектенуге көшiп келушілер тізiлiмдерiнiң көшiрмелерi жергілiктi атқарушы органдарға жiберіледi.
Ерекше үлгiдегi көшi-қон карточкасының нысаны мен оны беру тәртiбiн, сондай-ақ жария етiлген еңбектенуге көшiп келушілер тiзілiмiнiң нысаны мен оны жүргiзу тәртiбiн заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi тiркеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, тіркеуден бас тарту себептерi көрсетiле отырып, өтiнiш қайтарылуға тиiс.
Өтiнiштi қайтаруға негiз болған себептер жойылған кезде жұмыс берушi заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету туралы өтiнiштi жария ету мерзiмi iшiнде қайта беруге құқылы.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың еңбегiн олар iшкi iстер органдарында тiркелген күннен бастап пайдалана алады.
Тармақ 8
8. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған адамдар тiркелген күнiнен бастап тiркеу үшiн ұсынылған жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi iшiнде, бiрақ ол жасасылған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыра алады.
Бап 4. 4-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
4-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
Осы Заңның 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 394, 395 (бiрiншi бөлiгi), 396-баптарында көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 207, 209 (бiрiншi бөлiгi) және 210-баптарында көзделген әкiмшілiк жауаптылықтан босатылады.
Бап 5. 5-бап. Қылмыстық жауаптылықтан босату
5-бап. Қылмыстық жауаптылықтан босату
Осы Заңның 1-бабының 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Pecпубликасы Қылмыстық кодексiнiң 221, 222, 330-3-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылады.