О некоторых вопросах изменения административно- территориального устройства Акмолинской и Северо-Казахстанской областей Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1999 жылғы N 114 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі N 114 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 442 P990442_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бюджеттеріне қажетті өзгерістердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың кепілдік міндеттемелері бойынша берілетін соманың, сондай-ақ Еңбекшілдер, Зеренді және Щучинск аудандары және Көкшетау қаласы мемлекеттік мекемелерінің дебиторлық-кредиторлық берешегін беру шарттарының Келісу актісі назарға алынсын.
Тармақ 2
2. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының 1-қосымшасында: "IV. Шығыстар" бөлімінде: 15 функционалдық топтағы: 111 Ақмола облысының әкімі жолындағы "3 266 134" деген сан "4 031 718" деген санмен ауыстырылсын; 125 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жолындағы "3 815 267" деген сан "3 049 683" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.