О реализации Закона Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы» аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметованың ақпараты мәліметке алынсын.
Тармақ 2
2. Қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық атқару органдарының басшылары нормативті - құқықтық актілерді даярлауда мемлекеттік тілдің қызмет етуін және қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті аумақта мемлекеттік тілді қызметкерлердің игеруі үшін жағдайлар жасалуын, сондай-ақ 2006 - 2007 жылдарға арналған Жарқайың ауданындағы тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын орындау жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Кез келген меншік түріндегі ауылшаруашылығын қалыптастыру, ұйымдар басшыларына азаматтардың мемлекеттік тілді игерулері үшін жағдайлар жасау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім бойынша), қала және ауылдық округ әкімдері бір жыл ішінде қазақ тілі кабинетін ашу жөніндегі мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша әдістемелік әдебиеттер сатып алу жөніндегі мемлекеттік тілдегі басылымдарға жазылуды көбейту жөніндегі мәселелерді шешсін.
Тармақ 5
5. Қала және ауылдық округ әкімдері, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2006 - 2007 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру туралы іс - шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 6
6. Ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім бойынша), қала және ауылдық округ әкімдері тілдерді дамытуды насихаттау, мемлекеттік тіл дәрежесін көтеру жөніндегі аудандық іс-шараларға белсене қатыссын.
Тармақ 7
7. Жарқайың ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) көрнекі ақпараттарды ретке келтіру және эстетикалық рәсімдеу жөніндегі жұмыстарды жұмылдырсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлерін насихаттай отырып, мемлекеттік тілдегі мәдени - көпшілік іс - шараларды өткізуді кеңінен жүргізсін;
Тармақша 3
3) барлық мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу ісіне бақылауды күшейтсін;
Тармақша 4
4) тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) тілдер туралы Қазақстан Республикасының заңы белгілеген талаптардың бұзылуына жол бермеу жөнінде ұсыныс жасасын, тілдер туралы Қазақстан Республикасы заңының бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдау туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізсін;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын тексеруді жүргізуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы №16 болып бекітілген тілдер туралы заңдарды сақтауды бақылау тәртібі туралы ережені басшылыққа алсын.
Тармақ 8
8. Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) Оқушыларға мемлекеттік тілді игеруіне жоғары деңгейлі білімнің болуын қамтамасыз етсін. Қазақ және шет тілдер оқытушыларының, ұлттық мектептердің пән мұғалімдерінің құрамының сапалылығына аса көп көңіл бөлсін;
Тармақша 2
2) жоспарлы түрде қазақ тілін үйренуші жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің санын өсірсін.
Тармақ 9
9. Жарқайың ауданының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі жыл сайынғы бюджетті қалыптастыруда мемлекеттік және басқа тілдерде дамыту үшін қаражат бөлуді жоспарласын және оның жұмсалуына бақылау жүргізсін.
Тармақ 10
10. Аудандық «Целинное знамя» газетінің редакторы мемлекеттік тілді оқыту бойынша материалдар жариялау жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды, мемлекеттік тілде жарияланатын материалдарға жеке газет бетін арнауды, ауданда тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт - дәстүрлерін, қазақ тілін оқыту бойынша ең үздік үйірмелер тәжірибелерін насихаттауды жетілдіру ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиісті.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.Ахметоваға жүктелсін.