Об утверждении комплексного плана мероприятий по созданию движения «Улица (квартал, микрорайон, аул, село, поселок) без наркотиков» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Есірткісіз көше» (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148-11 «Қазакстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Заңына, Ақмола облыстық әкімдігінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 11/345 «Есірткісіз көше» (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент) қозғалысын кұру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Есірткісіз көше» (квартал, мөлтекаудан,ауыл, кент) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Аршалы аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Ж.Мәмбетовке жүктелсін.
Басқа 4
Аршалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «13» 02 № 16 «Есіртікісіз көше» (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысымен БЕКІТІЛГЕН «Есірткісіз көше» (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент) қозғалысын құру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары Р/н Іс-шаралар атауы Орындалу мерзімі жауаптылар Аяқталу нұсқасы 1. «Есірткісіз көше» (квартал, мөлтекаудан, ауыл, кент) қозғалысын құру жөнінде мұғалімдер, оқушылар оқушы жастар, құқық қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері арасынан ұйымдастыру комитеттерін құру. I тоқсанда Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) Аудан әкімі аппаратына ақпарат 2. Салауатты өмір тынысын құруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар құрастыру I тоқсанда Ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, аудандық аурухана, дене тәрбиесі және спорт бөлімі Аудан әкімі аппаратына ақпарат 3 Есірткі пайдаланудың нәтижесі жөнінде оқушылар және оқушы жастар арасында білімін тексеру үшін сауалнама ұйымдастыру Жылына 2 рет Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) Аудан әкімі аппаратына ақпарат 4. Есірткіні пайдаланудың бастапқы кезеңін анықтау үшін ата-аналармен семинарлар, дәрістер және әңгімелесулер ұйымдастыру Тоқсан сайын Білім бөлімі, аудандық аурухана, ішкі саясат бөлімі Аудан әкімі аппаратына ақпарат 5. Сауықтыру органдары, сондай-ақ қалааралық автокөлік құралдарында кәмелетке толмағандар арасында есірткіні пайдалану және тарату фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында құқық органдарымен, аудандық ауруханамен бірлесіп рейдтер өткізу Жыл бойына Білім бөлімі, ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) ішкі саясат бөлімі, аудандық аурухана, кедендік бақылау посты, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша және олардың құқығын қорғау комиссиясы Аудан әкімі аппаратына ақпарат 6. «Есірткіге жоқ» шеруін өткізу және акция ұйымдастыру 2006 жыл 26 маусымда Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі(келісім бойынша), ішкі істер бөлімі аудандық аурухана (келісім бойынша) Аудан әкімі аппаратына ақпарат 7. Есірткіден тазарту жөніндегі өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы аудандық «Вперед» газетінде жариялауды қамтамасыз ету Жыл бойына Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) «Вперед» аудандық баспасөз газеті Аудан әкімі аппаратына ақпарат 8. Кәмелетке толмағандардың есірткі мен спирт ішімдіктерін пайдаланбау мәселесі бойынша құқық қорғау орындарының және сауықтыру орындары басшыларымен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесуін ұйымдастыру Жарты жылда 1 рет Білім бөлімі, ішкі істер бөлімі, ішкі саясат бөлімі (келісім бойынша) Аудандық әкім аппаратына ақпарат