Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержания жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей и телекоммуникаций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған азамттарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын ұй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшің абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азамттарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидалары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К.) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Қала әкімінің Орынбасары Тукбаева Л.М. 12.06.2006 ж. Жұмыспен қамту және Әлекметтік бағдарламалар Бөлімнің бастығы Адамова К.Қ. 12.06.2006ж. Қаржы бөлімінің Меңгерушісі Томпиева Ж.Қ. 12.06.2006ж.
Басқа 4. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 15 маусымдағы № 34/326 шешімімен Бекітілген Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телефон үшің абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәрібін анықтайды.
Тарау 1
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
Тармақша 2
2) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы соммасы;
Тармақша 3
3) отбасы – заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
Тармақша 4
4) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші);
Тармақша 5
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – қаланың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
Тармақша 6
6) тұрғын үй жәрдемақысы – тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін абонеттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен – жайда тұрақты тұратын адамдарға мынадай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абонеттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
Тарау 2
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
Тармақша 1
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жылғызілікті азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері: Газ: Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда – айына 8 килограмм; Орталықтандырылған ытсық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм; Қатты отын: 1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1 -2 қабатта салынғын үйлер үшін 297 килограмм, (жылу беру мерзімі 6 айға есептегенде), үйге 9 тонна көмірден артық болмауы тиіс. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады. Отбасына электр қуатын тұтыну: Газ плитасы бар үйлерде – 150 киловатт; Электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
Тармақша 3
3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
Тарау 3
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері емепке алынбай тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
Тармақ 7
7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ төрт және одан да көп баланы – бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ тоғыз жастан жоғары емес) тәрбиелеуменн айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабилеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қазмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
Тармақ 8
8. Дау – жанжал немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысың мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады. Қолма – қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма – қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды бір айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 4
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық кажетті құжаттармен алты айға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады. Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады. Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердін тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
Тармақ 16
16. Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тарау 5
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі;
Тармақша 3
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім – шарт, сату- сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
Тармақша 4
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың көшірмесі, жалғыхбасты алпсы бес жастан асқан адамдарды қоспағанда (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдырының анықтамасы, қайтыс болу туралы куәлік және басқалар).
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
Тармақша 7
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
Тармақша 8
8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет (жұмыс, оқу қызмет орындарынан анықтама және басқалар);
Тармақша 10
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
Тармақ 18
18. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одаң соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Тармақ 19
19. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық – тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 20
20. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім – шарт жасалады. Келісім – шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім – шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
Тармақ 21
21. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 22
22. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.