О ежегодном конкурсе на лучшие учебно-методические пособия по изучению казахского и русского языков Күшін жойған
Басқа 0
Қазақ және орыс тiлдерiн оқыту бойынша үздiк оқу-әдiстемелiк құралдарының жыл сайынғы
байқауы туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы, 7 бабы, 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 151 Заңы, 25-2 бабы, 4) тармағына, "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бiлiм саласын дамыту мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы 3 тармағына сәйкес шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагогтарды мемлекеттiк қолдау және ынталандыру, бiлiм мекемелерiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiн оқыту сапасын арттыру мақсаттарында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақ және орыс тiлдерiн оқыту бойынша үздiк оқу-әдiстемелiк құралдарының жыл сайынғы байқауы тағайындалсын (iлгерiде-Байқау).
Тармақ 2
2. Қосымша берiлген Байқаудың Ережесi бекiтiлсiн (iлгерiде-Ереже).
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.К. Мырзалинге жүктелсiн.
Басқа 4
Облыс әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 06 маусым № 128
қаулысымен бекiтiлдi
Қазақ және орыс тiлдерiн үйрену бойынша жыл сайынғы
үздiк оқу-әдiстемелiк құралдар конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 5. Конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi
Конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Конкурстың мақсаттары:
қазақ және орыс тiлдерiн оқытудың сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жандандыру, ұлттық бiлiм беру жүйесiн дамыту стратегиясының аясында өңiрдегi тiлдiк бiлiм беру жүйесiн тиiмдi оқу-әдiстемелiк құралдарымен қамтамасыз ету.
Тармақ 2. Конкурсқа қатысушылар
2. Конкурстың мiндеттерi:
Қазақ және орыс тiлдерiн оқыту сапасын арттыру арқылы Солтүстiк Қазақстан облысында келiсiм мен достықты, халықтар бiрлестiгiн нығайту.
Саяси-мәдени кеңiстiгiн құруға, қазақ және орыс мәдениетiн өзара байыту үшiн жағдай жасауға қабiлеттi шығармашыл ұстаздарды айқындау;
Ұстаздық мәртебенi көтере отырып, оларды инновациялық педагогикалық әрекетке ынталандыру.
Озық педагогикалық тәжiрбиенi енгiзу және тарату, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Конкурсқа қатысушылар
Тармақ 3
3. Қазақ және орыс тiлдерiн оқытуда үздiк оқу-әдiстемелiк құралдар Конкурсына (iлгерiде - Конкурс) еңбек өтiлiне, бiлiктiлiк санаттарына, жасына байланыссыз, жеке автор, авторлық ұжымдар болсын (iлгерiде - Конкурсқа қатысушылар) жалпы және кәсiптiк бiлiм беретiн мектеп, лицей, гимназиялардың қазақ тiлi мен әдебиетiнiң, орыс тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмдерi, колледждердiң қазақ тiлi мен әдебиетi оқытушылары қатысады.
Тармақ 4. Конкурстың шарттары
4. Конкурсқа қатысушылар ұйымдастыру комитетiнiң қарауына ресми авторлық белгiлерi бар қазақ тiлiн, орыс тiлiн, қазақ және орыс тiлдерiн оқытудың оқу-әдiстемелiк құралдарын (iлгерiде - Құрал) ұсына алады.
Конкурстың шарттары
Тармақ 5
5. Конкурс жылына бiр рет өткiзiледi және Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi күнiне тұспа - тұс келедi.
Конкурстың басталуы және өту шарттары туралы ақпарат облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Конкурс кезең-кезеңмен өткiзiледi:
бiрiншi кезең: Конкурсқа қатысушыларға облыстық педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтының редакциялық-баспа орталығында кеңес (белгiленген кесте бойынша) берiледi.
екiншi кезең: Конкурсқа қатысуға сұраным беру-1 қазанға дейiн;
үшiншi кезең: Ғылыми-әдiстемелiк және техникалық сараптау 1 қарашаға дейiн.
төртiншi кезең: құралдардың тұсаукесер рәсiмi - 20 қарашасынан 4 желтоқсанына дейiн.
бесiншi кезең: қорытынды жасау, жеңiмпаздарды марапаттау - желтоқсан айы.
Тармақ 6
6. Конкурсқа оны өткiзу кезiнде басылған Құралдар ұсынылады.
Конкурсқа ұсынылатын Құралдардың сипаты төмендегiдей болуы мүмкiн:
әдiстемелiк жүйенiң авторы,
ғылыми-әдiстемелiк негiздемесi бар авторлық бағдарлама,
оқу жоспарының вариативтiк бөлiгiнiң пәндiк курсы,
кiрiктiрiлген бiлiм беру аймағы,
сабақтардың әдiстемелiк әзiрлемелер кешенi,
сабақтарға дидактикалық материалдар жүйесi,
қазақстандық отансүйгiштiктi қалыптастыруға, мемлекеттiк және орыс тiлдерiн үйрену процесiнде мәдени өзара байытуға және рухани келiсiмге бағытталған қазақ және орыс тiлдерiн үйрену бойынша сыныптан тыс iс-шаралар әзiрлемелерiнiң жинағы.
Тармақ 7
7. Конкурс қорытындысы шығарылған кезде кең түрдегi базалық компетенттiлiктi қалыптастыруға (саяси-мәдени, саяси-лингвалдық, коммуникативтiк, өзiн-өзi дамытуға ынталы және тағы басқалары), қазақ және орыс мәдениеттерiн өзара байыту ықпалына бағытталған құралдарға жоғары баға берiледi.
Тармақ 8. Құралдарға кәсiби бағытталған талаптар
8. Үшiншi кезеңде Конкурсқа қатысушылар өздерiнiң ұсынған жұмыстарының өзiндiк тұсаукесер рәсiмiн жасайды. Конкурстың қорытындыларын шығарған кезде тұсаукесер рәсiмiнiң нәтижелерi ескерiледi.
Құралдарға кәсiби бағытталған талаптар
Тармақ 9
9. Құралдарда бейнеленуi тиiс:
ұсынылған материалдардың жүйелiлiгi,
оқу - тәрбие процесiнде тiлдiк пәндердi үйрену негiзiнде халықтардың рухани бiрiгуi мiндеттерiн жүзеге асыру,
Қазақстан халықтарының мәдени өзара байыту мiндеттерiн шешетiн төлтума бағдарламалар, оқыту мен тәрбиелеу тәсiлдерiн әзiрлеу,
жұмыста қазақ, орыс және басқа ағартушылардың идеяларын, басқа ел ғалымдарының тiлтану саласындағы зерттеулерiн пайдалану,
оқу қызметi барысында авторлық зерттеушiлiк жұмыстың негiзгi ережелерiн жүзеге асыру,
инновациялық технологияларды, соның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдалану,
тiлдiк топтама пәндерiн оқыту барысында нақты әдiстемелiк мiндеттердi шешу үшiн жеке инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi пайдалану.
Тармақ 10. Конкурстың қорытындыларын шығару тәртiбi
10. Практикалық қолдану және нақты нәтижелер:
әдiстемелiк құралды практикалық тұрғыда пайдалану,
жарияланған идеяларды мектеп практикасына енгiзу бойынша қол жеткiзiлген нәтижелер,
қазақ және орыс тiлдерiн оқытудың сапасын арттыру.
Конкурстың қорытындыларын шығару тәртiбi
Тармақ 12
12. Конкурстың қорытындыларын жыл сайын облыс әкiмiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Конкурс комиссиясы жасайды. Комиссияның құрамына мүдделi ведомстволар мен ұйымдардың өкiлдерi, қазақ тiлi мен әдебиетiнiң, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiнiң оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi кiредi.
Тармақ 13
13. Конкурстың жеңiмпаздары ақшалай сыйлықақылармен марапатталады.
Сыйлықақының түрлерi, саны және мөлшерлерi, көтермелеу сыйлықақыларының номинациялары мен мөлшерлерi жыл сайын облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен тағайындалады.
Тармақ 14. Конкурсқа ұсынылған оқу-әдістемелік құралдарды бағалаудың критерийлері
14. Конкурстың қорытындылары критерийлер бойынша жасалады.
Конкурсқа ұсынылған оқу-әдістемелік құралдарды бағалаудың критерийлері
№
Критерийлер
Ұпайлардың саны
Жоғары деңгей
Орташа деңгей
Төменгi деңгей
1.
Тақырыбы
1.1. Тақырыпты құрудың айқындылығы және нақтылығы.
1.2. Жұмыс мазмұнының жарияланған тақырыпқа сәйкестiгi
6
3
3
4
2
2
2
1
1
2.
Мазмұны
2.1. Мазмұнның мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру аспектiсiндегi өзектiлiгi және ҚР Бiлiм туралы» Заңы
2.2. ұсынылған материалдың жаңалығы, плагиаттың, компиляцияның болмауы.
2.3.Жұмыстың ғылымилығы. Педагогикалық, психологиялық негiздеменiң тереңдiгi.
2.4. Ұсынылған материалдың педагогикалық тәжiрибеде пайдалану тұрғысынан алғандағы құндылығы
2.5.Жұмыстың құрылымындағы және мазмұнындағы әдiстемелiк мәдениет
50
10
10
10
10
10
45
9
9
9
9
9
40
8
8
8
8
8
3.
Жұмыстың композициясы
3.1. Жұмыстың бөлiмдерiн логикалық дұрыс бөлiп көрсету
3.2.Жұмыстың iшкi бiртұтастығының болуы
3.3.Абзацтық ресiмдеу мәдениетi
3.4. Тұжырымдардың, кеңестердiң болуы
4.
Жұмыстың ресiмделуi
4.1. Ғылыми немесе публицистикалық стильдiң болуы:
4.2.Пайдаланылған материалдың библиографиялық мәдениет тұрғысынан алғандағы ресiмдеу дұрыстылығы
4.3. Эстетикалық талғамдылығы (әр түрлi шрифтердi пайдалану, полелер мен шегiнiстердiң бiрiздiлiгi, кесетелер мен тәсiмдердiң дұрыс ресiмделуi)
4.4. Тiлдiк ресiмдеудiң орфографиялық және пунктуациялық мәдениетi, соның iшiнде қателердiң болмауы.
9
2
2
2
2
5
1
1
1
1
4
1
1
1
1
Ұпайлардың жалпы саны
80
65
53
Бiрiншi орын - 95-100 ұпай;
екiншi орын - 85-94 ұпай;
үшiншi орын - 70-84 ұпай;
Көтермелеу сыйлықақылары -60-69 ұпай.
_________________________________________