Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық Заңының 28- бабының 6- тармағына сәйкес, Қазақстан Републикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31-бабының 2- тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданының № 7 Қалғұты, № 9 Маралды сайлау округтерінің елді мекендері бойынша мәслихатқа кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар белгіленсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдары орналастырылатын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
Басқа 4. Елді мекендер бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «22» 06 № 1695 қаулысымен және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен бекітілген Елді мекендер бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № Елді мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орын 1 Қалғүты ауылдық округі Қаратоғай Мектеп ғимаратының алдында Егіндібұлақ Мектеп ғимаратының алдында Жылтау Мектеп ғимаратының алдында Ақши Мектеп ғимаратының алдында Ақбұлақ Жастар үйінің алдында Алтай Фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алдында Теріскей-Бөкенбай Фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алдында Күнгей-Бөкенбай Фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алдында Майтерек Фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алдында 2 Маралды ауылдық округі Маралды Ауылдық округі ғимаратының алдында Үшбұлақ Мектеп ғимаратының алдында Қыстау-Күршім Мектеп ғимаратының алдында Күршім ауданы әкімініц аппарат басшысы Қ. Әзімбаев