Қолданыстағы ред. 01.06.2006

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 01.06.2006 г. № 679 (Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)

0

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 31 бабына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 419 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» қаулысы 5 бабының 4 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 30 адамнан астам жұмысшысы бар қаланың жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгіленсін.

2

2. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 514 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы қаулысының күші жойылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелтелсін.