Об утверждении стоимости разовых талонов по Егиндыкольскому району Қолданыста
Басқа 0
Егіндікөл ауданы бойынша бір жолғы талондарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданы бойынша бір жолғы талондардың бағасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2002 жылдың 4 сәуірдегі № С16-5 «Егіндікөл ауданы бойынша бір жолғы талон бағаларын бекіту туралы» шешімі күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Егіндікөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады.
Басқа 4
Бекітілген
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ С30-11 шешімімен
Егіндікөл ауданы бойынша бір жолғы талондардын бағалары
№
Түрлері бойынша сату
Бір жолғы талонның 1 күнгі бағасы АЕК %
1
Ет
50%
2
Сүт өнімдері
10%
3
Көкіністер мен жемістер
20%
4
Киімдер
20%
5
Былғары және тері бұйымдары
20%
6
Басқа да азық-түліктер (бал, орман жидектері, саңырауқұлақ, балық)
20%
7
Басқа тауарлар (сыпырғыштар)
20%
8
Жеке жеңіл және жүк көліктері иелерінің
Жолаушылар
Жүк тасу қызметтері
20%
50%
9
Жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу қызметтері
30%