Об изменениях в административно-территориальном устройстве Хромтауского района Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11 бабының 3 тармағына сәйкес және Хромтау ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ және облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген сызба-картаға сәйкес: Аққұдық ауылдық округі құрамынан жалпы көлемі 52167 га аумақты және онда орналасқан Көктау және Қарабаз елді мекендерін шығара отырып; Көктөбе ауылдық округі құрамынан жалпы көлемі 37745 га аумақты және онда орналасқан Көшенсай ауылын шығара отырып, шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес құрамына жалпы көлемі 89912 га аумақты, онда орналасқан Көктау, Қарабаз және Көшенсай елді мекендерін қоса отырып, әкімшілік орталығы Көктау ауылы деп белгілеп, Көктау ауылдық округі құрылсын.
Тармақ 3
3. Хромтау ауданының әкiмi (О. Н. Далмағамбетов) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының қаржы департаменті" ММ (С. Енсегенұлы) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстауды қаржыландыруға байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 5
5. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 6
6. "Ақтөбе облысы бойынша жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарын Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.