Мүгедектер үшін жұмыс
орнының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” № 39-ІІІ санды заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысына және Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” № 148-ІІ заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы от 08.06.2006 г. № 998 (Мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы)
1. Мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасы жалпы жұмыс орны санының үш пайызы көлемінде белгіленсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Татиева) жұмыс берушінің қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орнындарын құрсын.
3. 2006-2008 жылдары мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы еңгізілген нысандардың тізбесі және олардағы квоталанған жұмыс орындарының тізбесі бекітілсін (қосымша).
4. 0сы қаулының орындалуына басшьілық жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Қарауыл гимназиясының
директоры:
Е.Имаханов
07 маусым 2006 жыл
Абай ауданы әкімдігінің
«08» маусымдағы 2006 жылғы
№ 998 қаулысына қосымша
Абай ауданы бойынша 2006-2008 жылдарға
мүгедектер үшін жұмыс орнына
квоталар еңгізілген жұмыс орнының тізімі
Реттік
саны
Жұмыс орнының атауы
Жұмыс орнының жалпы саны
Квоталанған
жұмыс
орындарының
саны
1
Қарауыл гимназиясы
71
2
Жиыны
2
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы:
С. Татиева