Об утверждении положения о департаменте инфраструктуры и строительства Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаменті жөніндегі ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
«Облыстық мемлекеттiк басқару органдарындағы өзгертулер туралы» Қостанай облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 16 қазандағы 78 шешiмiне сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментi жөнiндегi ереже бекiтiлсiн (қосымша).
Басқа 2. «Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментi»
мемлекеттiк мекемесi жөнiндегi Ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 20 қарашадағы
№ 121 шешiмiне қосымша
«Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментi»
мемлекеттiк мекемесi жөнiндегi Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. «Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - департамент) «Жергiлiктi атқарушы органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27,28 және 42 баптарына сәйкес «Облыстық мемлекеттiк басқару органдарындағы өзгертулер туралы» Қостанай облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 16 қазандағы № 78 шешiмiмен құрылған.
Қостанай облысының инфрақұрылым және құрылыс департаментi облыстың энергетикасын, құрылысын, су, жол және коммуналдық шаруашылықтарына мемлекеттiк басқару жасау органы болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының, Президентiнiң, Үкiметтiң, заң актiлерiн, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң нормативтi актiлерiн, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, осы ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Департамент туралы ереженi және штаттық санын облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 1.4
1.4. Бекiтiлген штаттық санына сәйкес өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Департамент аппаратын, бөлiмдерiн құрады.
Тармақ 1.5
1.5. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, банкiде есеп шоты, мемлекеттiк тiлде атауы жазылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрi мен қалыбы болады,
Тармақ 1.6
1.6. Департаменттi ұстау жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру облыстық бюджетте атқарушы органдарды ұстауға қарастырылған қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 1.7
1.7. Департаменттiң заңды мекен-жайы 458000, Қостанай қаласы, Ленин Данғылы, 66.
Тарау 2. 2. Департамент негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
2. Департамент негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Қостанай облысында стратегиялық дамудың ағымдағы және перспективалық мiндеттерiн шешуге бағытталған мемлекеттiк саясат жүргiзу және мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру.
Тармақ 2.2
2.2. Мемлекеттiк энергетикалық, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық саясат, облыстық инфрақұрылым және қала құрылысын дамыту бағдарламаларын әзiрлсу мен iске асыруға қатысу.
Тармақ 2.3
2.3. Ұйымдарға нақты инвесторларды iздесу мен тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнiнен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комитетi арқылы көмектесу.
Тармақ 2.4
2.4. Ресурстық және технологиялық базаларын қайта құру, кәсiпорындарды реформалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, осы салалардағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылымын қайта қарау жөнiндегi ұсыныстарды даярлау негiзiнде инфрақұрылым және құрылысты дамытуға көмектесу.
Тармақ 2.5
2.5. Облысты жылу электроэнергиясымен, сумен, отынмен тұрақты түрде жабдықтауда меншiк нысанына қарамастан барлық қатысушылардың (жабдықтаушылар мен тұтынушылардың) өзара бiрлесе қимылдауын жедел үйлестiру.
Тарау 3. 3. Департаменттiң функциялары
3. Департаменттiң функциялары
Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Тармақ 3.1
3.1. Елдi мекендер мен аумақтардың әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымын жасақтауды қамтамасыз етедi, тұрғын үй қоры мен түрлi меншiк нысанындағы инфрақұрылымын басқа объектiлерiн пайдалану және ұстауды ұйымдастыруға көмектеседi әрi қатысады.
Тармақ 3.2
3.2. Облыстың өзi басқаратын кәсiпорындарының қызметiн талдайды.
Тармақ 3.3
3.3. Өз құзырындағы мәселелер бойынша Президент жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк бағдарламаларын орындау жөнiндегi облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен әкiмдерiн орындау жөнiнде есеп берулерге бақылау жасауды және даярлауды жүзеге асырады.
Тармақ 3.4
3.4. Облыстың инфрақұрылым, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың басымдық бағдарламаларын жүзеге асыруға көмектеседi және талдау, түзету жүргiзедi.
Тармақ 3.5
3.5. Облыс кәсiпорындарын күзгi-қысқы жағдайдағы және көктемгi су тасқыны кезiндегi жұмысқа даярлауды үйлестiредi және бақылау жасайды.
Тармақ 3.6
3.6. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласында бәсекелестiк рыногын дамытуға ықпал етедi.
Тармақ 3.7
3.7. Коммуналдық қызмет көрсетулерге баға және тарифтер белгiлеуге талдау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 3.8
3.8. Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк тұрғын үй қорының, коммуналдық шаруашылық кәсiпорындары мен құрылыстарының пайдалануына бақылау жасайды.
Тармақ 3.9
3.9. Сәулет және қала құрылысы жергiлiктi органдарымен бiрлесе отырып қала құрылысы заңы, қалалар мен басқа елдi мекендердiң жоспарлануы және салынуы нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, қала құрылысын реттеудiң ерекше тәртiптегi аумақтардың пайдалануына, тарихи қала құрылысы мұрасының сақталуына бақылау жасайды.
Тармақ 3.10
3.10. Құрылыстың барлық сатысында құрылыс өнiмдерiн шығарғанда нормативтiк-техникалық және жобалық құжаттамалары талаптарын сақтауға сәулет-қала құрылысына бақылау және қадағалау жасайды.
Тармақ 3.11
3.11. Су қорғау iс-шараларының орындалуына басшылық және бақылау жасайды.
Тармақ 3.12
3.12. Облыстағы тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға, басымдық объектiлердiң салынуы мен өндiрiстiк инфрақұрылымының дамуына көмектеседi және түзетулер, талдау жүргiзедi.
Тармақ 3.13
3.13. Облыстың стратегиялық даму жоспарына кiргiзiлген басымдық объектiлерiнiң құрылыстарын аяқтау үшiн iшкi және сыртқы инвестициялар тартуға көмектеседi.
Тармақ 3.14
3.14. Облыстық мемқұрылыслицензия, жобалардың мемсараптама, мемлекеттiк сәулет құрылыс органдарының iс-қимылдарын үйлестiре отырып, құрылыс сапасына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Тармақ 3.15
3.15. Аяқталған құрылыс объектiлерiн пайдалану, тұрғын үй және өндiрiс орындарын қайта жоспарлау, жер учаскелерiн бөлу және басқа мәселелер жөнiнде шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау жасайды.
Тармақ 3.16
3.16. Энергия үнемдеу технологияларын және жабдықтарды енгiзу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi.
Тармақ 3.17
3.17. Орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар үшiн жобалауға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, отын сатып алуға, дербес жылыту желiсiн және коммуналдық қызмет көрсетудi есепке алу қондырғыларын орнатуға тендер өткiзуге қатысады.
Тармақ 3.18
3.18. Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн, Департаменттiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн басқа функцияларды орындайды.
Тарау 4. 4. Департаменттiң құқы.
4. Департаменттiң құқы.
Тармақ 4.1
4.1. Департаменттiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асырғанда мыналарға құқы бар:
- аймақтық дамуының басымдығы мен стратегиясының, әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары жөнiнде облыс әкiмiне ұсыныс енгiзуiне;
- облыс әкiмiне, жергiлiктi және республикалық органдарға облыстың дамуының стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергi жасайтын өздерi қабылдаған актiлердi өзгертуге немесе жоюы жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
- өз құзыры шегiнде орындалуға мiндеттi нұсқаулар беруге және өз қызметiне қатысты нормативтi актiлер шығаруға;
- Департамент құзырына қатысы бар мәселелердi шешу жөнiнде облыс әкiмiнiң және облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгiзуге;
- өз құзыры шегiнде сыртқы экономикалық байланыстар орнату жөнiнде тиiстi ведомстволармен және ұйымдармен келiссөздер жүргiзуге;
- облыстың кәсiпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келiсiмдерi бойынша тексерулер мен сараптаулар жүргiзуге, оларды конкурстық комиссияларға қатысу үшiн тартуға;
- өз құзыры мәселелерi жөнiнде келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге, басқа да заң актiлерiне қол қоюға;
- кәсiпорындарды жандандыру жөнiнде шаралар жасауда және жүзеге асыруда басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып қатысуға;
- өз құзыры шегiнде облыс аумағында энергетика және сәулет-қала құрылысы қызметiнiң барлық субъектiлерi орындау үшiн мiндеттi болып табылатын, энергетика және тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
- өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру барысында энергетика, құрылыс индустриясының кез келген объектiлерiнде, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiнде болуға;
- қаржыландыру банкiлерi арқылы құрылысты қаржыландыру мен оған несие берудi толық немесе iшiнара тоқтатуға, адамдар өмiрi мен денсаулығына, тарихи және мәдени құндылықтарға, оның iшiнде сәулет және қала құрылысы ескерткiштерiне қауiп төндiретiн, сондай-ақ жеке меншiкке, республика азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарына және мүдделерiне нұқсан келтiретiн бекiтiлген жобалық құжаттамалардан, нормативтiк талаптардан ауытқитын және оларды бұза орындалатын құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс және басқа жұмыс түлерiн, топогеодезиялық және инженерлiқ-геологиялық зерттеулердi одан әрi жүргiзуге тыйым салуға;
- «Сәулет және қала құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, қала құрылысы тәртiбiн бұза отырып, өз беттерiнше құрылыс жүргiзген кiсiлерге айыппұл санкцияларын салуға немесе оларды белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы тиiстi мемлекеттiк органдар алдында мәселе қозғауға;
- Департаментке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мемлекеттiк билiктiң тиiстi органдарынаң, статистика органдарынаң, ұйымдардан, мекемелерден және кәсiпорындардан өз құзыры шегiнде ақпарат сұратуға және алуға;
- Департаменттiң осы ережеде көрсетiлген құқықтарымен қатар, қолданалып жүрген заңдар берген басқа да құқықтары болады.
Тарау 5. 5. Департамент қызметiн ұйымдастыру
5. Департамент қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Департаменттi, лауазымына облыс әкiмi тағайындайтын және босататын директор басқарады.
Тармақ 5.2
5.2. Директор бөлiнген бюджеттiк қаржы, жұмыскерлер саны, және еңбекке ақы төлеу қоры, жеңiл автокөлiк үстауға лимиттер шегiнде шығыстар сметасын, Департаменттiң аппараты штатын және құрылымын, бөлiмдер мен басқа да құрылымдық бөлiмдер жөнiндегi ереженi бекiтедi.
Тармақ 5.3
5.3. Департамент директоры:
- Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
- Департаментке жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап бередi;
- заңда белгiленген тәртiпте Департамент қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Департаменттi атқарушы органдарда және ұйымдарда ұсынады;
- өз құзыры шегiнде бас сәулетшiлердi тағайындауда қалалар және аудандар әкiмдерiмен келiсудi жүзеге асырады;
- оның құзырына жататын басқа да мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
- Департамент қабылдайтын шешiмдер Департамент директорының бұйрығымен ресiмделедi.
Тармақ 5.4
5.4. Департаменттi қайта құру немесе тарату қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облыс әкiмiнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Тарау 6. 6. Департамент басшылық жасайтын бағыттар тiзбесi:
6. Департамент басшылық жасайтын бағыттар тiзбесi:
- энергетика;
- отынмен жабдықтау (көмiр, мазут және басқалар);
- газбен жабдықтау;
- су қоймалары мен сумен жабдықтау жүйесiн дамыту және пайдалану;
- канализация желiсiн және тазарту құрылғыларын дамыту және пайдалану;
- тұрғын үй-коммуналдық шауашылығы;
- қала құрылысы және сәулет;
- мемлекеттiк қала құрылысы кадастр;
- жобалау;
- күрделi құрылыс;
- құрылыс материалдары мен конструкциялар өнеркәсiбi;
- кен емес қазбалар өндiру (құма қиыршық тас, саз);
- автомобиль жолдарын салук және пайдалану;
- жобалау-құрылыс қызметiн лицензиялау;
- жобалау-сметалық құжаттарды сараптау;
- коммуналдық шаруашылықта баға белгiлеу және тариф саясатын талдау;
- коммуналдық шаруашылықта тұтыну нормасын талдау.