Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
МАЗМҰНЫ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы
3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаттары мен принциптерi
2-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГE МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫMHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI ЖӘНЕ OHЫҢ ҚЫЗМЕТI
4-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымды құру
5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi
7-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен мiндеттерi
8-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
9-бап. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру
11-бап. Қосылу шарты
12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлерi және оларды төлеу тәртiбi
13-бап. Қатысушы банктiң құқықтары мен мiндеттерi
14-бап. Қатысушы банктiң атауын өзгерту салдары
4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару
16-бап.
Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бiр мезгiлде беру операциясын жүргізу ерекшеліктері
5-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУ ОБЪЕКТIЛЕРI. КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУ МӨЛШЕРI МЕН ТӘРТIБI
17-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi
18-бап. Кепiлдiк берiлген өтем
19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары
20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi
21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
6-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМНЫҢ КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ РЕЗЕРВI
22-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
24-бап. Дауларды қарау тәртiбi
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агент банк - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келiсiмнiң негiзiнде депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеу жөнiндегi рәсiмдердi орындайтын банк;
Тармақша 2
2) банк - екiншi деңгейдегi банк;
Тармақша 2-1
2-1) депозитор – қатысушы банкпен банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасасқан не пайдасына салым енгізілген жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектісі, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;
Тармақша 3
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
Тармақша 4
4) жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердiң осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтiн төлемдерi;
Тармақша 5
5) кепiлдiк берiлген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiсi болып табылатын депозит;
Тармақша 6
6) кепiлдiк берiлген өтем -
осы Заңның 18-бабында айқындалған мөлшерде және тәртіппен
депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген депозит бойынша депозиторға төлейтiн ақша сомасы;
Тармақша 6-1
6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі – төлемдердің электрондық порталы) – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі – депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;
Тармақша 6-2
6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы – кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;
Тармақша 7
7) қатысушы банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);
Тармақша 8
Тармақша 9
9) қосылу шарты – банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;
Тармақша 10
10) уәкілетті орган –
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу, сондай-ақ депозиттерді қабылдауды, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу талаптарын белгілеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған жағдайда кепілдік берілетін депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Тармақ 3
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
Тармақша 2
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жауапкершілігі.
Бап 3. 3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң
мақсаты мен қағидаттары
3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң
мақсаты мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаты қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның iшiнде қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған жағдайда депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу арқылы банк жүйесiне деген сенiмдi қолдау болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;
Тармақша 2
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi азайту;
Тармақша 4
4) арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң негiзгi
қағидаттары болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГE МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫMHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI ЖӘНЕ OHЫҢ ҚЫЗМЕТI
2-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГE МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫMHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI ЖӘНЕ OHЫҢ ҚЫЗМЕТI
Бап 4. 4-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымды құру
4-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымды құру
Тармақ 1
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметiн осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінiң және жарғының негiзiнде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 1
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 2
2) қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
Тармақ 2
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
Тармақша 2
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 2-1
2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;
Тармақша 3
3) активтерді инвестициялайды;
Тармақша 4
4) арнайы резерв қалыптастырады;
Тармақша 5
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 5-1
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді;
Тармақша 6
6) қатысушы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін қолдану кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
Тармақша 7
7) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
Тармақша 8
8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
Тармақша 9
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
Бап 6. 6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi
6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым
қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған бастап оның депозиторларына кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Тармақ 2
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.
Бап 7. 7-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен мiндеттерi
7-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін:
Тармақша 1
1) қатысушы банктердiң жарналар төлеуiн талап етуге;
Тармақша 1-1
1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;
Тармақша 2
2) өзіне қатысты қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі қолданылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, осындай банктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) қызметі туралы, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3-1
3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;
Тармақша 4
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкiлеттi органнан қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпарат алуға;
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;
Тармақша 9
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы
өтiнiшхат беруге;
Тармақша 10
10) уәкілетті органның қатысушы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:
Тармақша 1
1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
Тармақша 2
2) қатысушы банктердiң жарналарды толық әрi уақтылы төлеуiне бақылау жасауға;
Тармақша 3
3) операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банктiң депозиторларына осы Заңда көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген өтемді төлеуге;
Тармақша 3-1
3-1) реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;
Тармақша 4
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi органға қатысушы банктердiң Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабарлауға;
Тармақша 5-1
5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
Тармақша 5-2
5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
Тармақша 6
6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;
Тармақша 7
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін
жүргізуге;
Тармақша 8
8) осы
баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның
13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
8-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
Бап 8-1. 8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге
міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара
іс-қимыл жасау негіздері
8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге
міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара
іс-қимыл жасау негіздері
Тармақ 1
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.
Бап 9. 9-бап. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
9-бап. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өз қызметтерiн үйлестiредi, қабылданатын құжаттарын келiседi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етедi.
Тармақ 2
2. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
Тармақ 3
Тармақ 4
Тарау 3. 3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
Бап 10. 10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру
10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясы туралы мәліметтерді ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтінішті ұсынбаған банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан айыру туралы мәселені қарайды.
Тармақ 4
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ол туралы ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізеді және банкті (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіргені жөнінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 11. 11-бап. Қосылу шарты
11-бап. Қосылу шарты
Тармақ 1
1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.
Тармақ 2
2. Қосылу шартында:
Тармақша 1
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жерi және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер;
Тармақша 2
2) шарттың нысанасы;
Тармақша 3
3) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
Тармақша 4
4) жарналарды төлеу тәртiбi;
Тармақша 5
5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;
Тармақша 5-1
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;
Тармақша 6
6) қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған
жағдайда қатысушы банктердiң
кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өтейтiн сомалар бойынша өз мiндеттемелерiн есептеу тәртiбi;
Тармақша 7
7) шартты тоқтату талаптары;
Тармақша 8
8) қатысушы банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы толық немесе ішінара төленбеген жарналар сомаларын, сондай-ақ қатысушы банк жарналарды төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын есептен шығаруға арналған төлем талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшін жауаптылығы туралы талаптар;
Тармақша 9
9) уәкілетті органның қатысушы банкті
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары;
Тармақша 10
10) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Қосылу шарты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген кезден бастап күшiне енедi және қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған жағдайда тоқтатылады.
Бап 12. 12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлерi және оларды төлеу тәртiбi
12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлерi және оларды төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге мiндеттi:
Тармақша 1
1) мiндеттi күнтiзбелiк жарналар - қатысушы банктердiң тоқсан сайынғы төлемдерi;
Тармақша 2
2) қосымша жарналар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты және осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда төленетін қатысушы банктердің біржолғы төлемдері;
Тармақша 3
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдерi.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарды төлеу мiндеттемелерiн тоқтатып қоймайды.
Тармақ 2
2. Қатысушы банктiң жарналарды төлеу тәртiбi мен мөлшерiн депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктiң мiндеттi күнтiзбелiк жарнасының мөлшерi есеп берiлген тоқсаннан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша қатысушы банктiң кепiлдiк берiлген депозиттерi сомасының 0,5 процентiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң қосымша жарнасының мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшiн төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның екi еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң төтенше жарнасының жылдық мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның жылдық мөлшерiнен аспауға тиiс.
Тармақ 3
3. Қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Қатысушы банктердiң қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
Бап 13. 13-бап. Қатысушы банктiң құқықтары мен мiндеттерi
13-бап. Қатысушы банктiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қатысушы банк:
Тармақша 1
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан
жарналар
және оларды төлеу мерзiмi жөнiндегi мәлiметтердi, сондай-ақ депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi бойынша банктiк және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәлiметтердi алуға;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзiнiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатыны туралы мәлiметтердi таратуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қатысушы банк:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
Тармақша 2
2) клиенттерге өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы хабарлауға, сондай-ақ банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан кезде жазбаша немесе банктік шот шартында және (немесе) банктік салым шартында көзделген тәсілмен оларды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы бекіткен нысан бойынша осы Заңда көзделген
кепілді өтемнің мөлшерлері, оны төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуы туралы хабардар етуге;
Тармақша 3
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлген депозиттердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн толық және уақтылы орындау мүмкiн болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабарлауға;
Тармақша 4
4) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өздерi төлеген жарналар бойынша есептердiң дұрыстығын растайтын мәлiметтердi ұсынуға;
Тармақша 5
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;
Тармақша 5-1
5-1) қатысушы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі немесе реттеу режимі қолданылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша қатысушы банктің активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз қызметі туралы, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды беруге;
Тармақша 6
6) қосылу шартының талаптарын
сақтауға;
Тармақша 7
7) уәкілетті органның қатысушы банкті
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға;
Тармақша 8
8) қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге қатысуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
3. Қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілдік берілген өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Қатысушы банктiң атауын өзгерту салдары
14-бап. Қатысушы банктiң атауын өзгерту салдары
Тармақ 1
1. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Қатысушы банктiң атауы өзгерген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
Бап 15. 15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару
15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару
Тармақ 1
1. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығаруға мыналар:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, олардың банктік шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған банк лицензиясынан не операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыруы;
Тармақша 2
2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;
Тармақша 3
3) қатысушы банктiң уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға,
банктік шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған банк лицензиясын
ерiктi түрде
қайтарып беруi;
Тармақша 4
4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Қатысушы банк:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған банк лицензиясынан не банк операцияларының барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырған кезде – уәкiлеттi органның осындай лицензиядан айыру туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап;
Тармақша 2
2)
қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап;
Тармақша 3
3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;
Тармақша 3-1
3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;
Тармақша 3-2
3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап;
Тармақша 4
4) қатысушы банк уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензияны ерiктi түрде қайтарған кезде - оның ерiктi түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органның шешiмi күшiне енген
күннен бастап;
5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының
7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.
Тармақ 3
3. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiнен ол туралы ақпаратты алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған
банк лицензиясынан
уәкілетті органның айыруы, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негізі бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) шығарылған күнінен бастап үш ай ішінде депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу не басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтаруға міндетті.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қайтаруға міндетті.
Бап 16. 16-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бiр мезгiлде беру операциясын жүргізу ерекшеліктері
16-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бiр мезгiлде беру операциясын жүргізу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес басқа банкке (басқа банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшерінен асып түскен жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы арнаулы резервтің қаражаты есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтерінің есебінен толтыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретiн қаражат мөлшерi кепiлдiк берiлген өтем ретiнде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиiс.
Тарау 5. 5-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУ ОБЪЕКТIЛЕРI. КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУ МӨЛШЕРI МЕН ТӘРТIБI
5-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУ ОБЪЕКТIЛЕРI. КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУ МӨЛШЕРI МЕН ТӘРТIБI
Бап 17. 17-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi
17-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi
Қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған жағдайда, банктік шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттерді және қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны депозиторларға қайтару бойынша қатысушы банктiң мiндеттемелерi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi болып табылады.
Талап ету құқықтары заңды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдарға өтетін депозиторлардың депозиттері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылмайды.
Бап 18. 18-бап. Кепілдік берілген өтем
18-бап. Кепілдік берілген өтем
Тармақ 1
1. Қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.
Тармақ 2
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
Тармақ 3
3.
Операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған күнге айқындалады.
Бап 19. 19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары
19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары
Тармақ 1
1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепiлдiк берiлген депозит бойынша кепiлдiк берiлген өтем алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Депозитор бiрнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi әрбiр қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейдi.
Тармақ 4
Бап 20. 20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.
Бап 21. 21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi
21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеудің басталу күнін, кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктердің тізбесін, кепілдік берілген өтемді төлеу кезеңін не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, оны төлеудің басталуын кейінге қалдыруды, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеуге жүгіну тәртібі мен тәсілдерін көрсете отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабар береді.
Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау мерзiмiн кейiнге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде төлеудiң басталуы, кезеңi, орындары және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан тiкелей алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда;
осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Депозитордың
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындайды.
Тармақ 5
Бап 21-1. 21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
Тармақ 1
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:
кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.
Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
Тармақ 2
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін
отыз жұмыс күні
ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:
депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;
депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:
Тармақша 1
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 2
2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:
депозитордың әскери қызметке кіруі;
депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;
депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;
сот анықтаған өзге де мән-жайлар.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының
әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
Тармақ 5
5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМНЫҢ КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ РЕЗЕРВI
6-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМНЫҢ КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ РЕЗЕРВI
Бап 22. 22-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
22-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
Тармақ 1
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) қатысушы банктердiң жарналары;
Тармақша 3
3) қосылу шарты бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемi;
Тармақша 4
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
Тармақша 5
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
Тармақша 6
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен
кiрiс;
Тармақша 7
7) уәкілетті органның қатысушы банкті
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша;
Тармақша 8
8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.
Тармақ 2
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтері ескеріле отырып, арнаулы резервiнiң нысаналы мөлшерi қатысушы банктердегi бүкiл кепiлдiк берiлген депозиттер сомасының бес пайызынан кем болмайды.
Тармақ 3
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:
кепілді өтемді төлеу;
реттеу режиміндегі банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) немесе тұрақтандыру банкіне берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;
осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген мақсаттар үшін арнаулы резервтің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым шығыстарды өзінің жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегінде меншікті активтері есебінен көтереді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жалғыз акционері меншікті активтерінің қаражатын пайдаланудың осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектен асатын өзге мөлшерін белгілеуге құқылы.
Бап 23. 23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты және осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған, сондай-ақ жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ
қатысушы банк
операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан
айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 24. 24-бап. Дауларды қарау тәртiбi
24-бап. Дауларды қарау тәртiбi
Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жөнiндегi қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
Бап 25. 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктiк шот және (немесе) банктiк салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасуға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қатысушы банктермен жасасқан мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттерi бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктiң депозит саясаты жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасқан кезге дейiн қолданылады.