Об утверждении положения о департаменте промышленности и торговли Костанайской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының өнеркәсiп және сауда департаментi туралы ережені бекiту жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. «Облыстың мемлекеттiк басқару органдарындағы өзгерiстер жөнiндегi» Қостанай облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 16 қазандағы № 78 шешiмiне сәйкес Қостанай облысының өнеркәсiп және сауда департаментiнiң (Ө және СД) iс-имылдарына басшылық жасау және мiндеттерi мен функцияларын анықтау үшiн ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қостанай облысының өнеркәсiп және сауда департаментi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғаны заңда белгiленген тәртiпте тiркеу жүргiзiлсiн.
Басқа 3. Қостанай облысының өнеркәсiп және сауда департаментi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 30 қарашадағы № 126 шешiмiмен бекiтiлген Қостанай облысының өнеркәсiп және сауда департаментi туралы ереже Миссиясы: Облыстағы өнеркәсiп және сауда саясатын анықтау, Қазақстан Республикасының және Қостанай облысының стратегиялық жоспарларына сәйкес облыстық әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын әзiрлеуге қатынасу, отандық өндiрушiлердiң дамуы мен олардың мүдделерiн қорғауға көмектесу.
Тарау 1. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Өнеркәсiп және сауда департаментi (бұдан әрi - Департамент) облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған және облыстық мемлекеттiк басқару органдарының құрылымына кiредi.
Тармақ 1.2
1.2. Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасының, Президенттiң, Үкiметтiң заң актiлерiн, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң нормативтi құжаттарын, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, осы ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Департамент аппаратын ұстау жөнiндегi шығыстар облыс бюджетiнде атқарушы органдары ұстауға қарастырылған қаражат есебiнен жүзеге асырылады, мүлкi Департаментке жедел басқару құқымен бекiтiледi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 202-208 баптармен реттеледi.
Тармақ 1.4
1.4. Департаменттiң құрылымы мен ол туралы ереженi облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақ 1.5
1.5. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, банкiде есеп шоты, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi және қалыпы болады.
Тармақ 1.6
1.6. Департаменттiң заңды мекен-жайы: 458000, Қостанай қаласы, Ленин даңғылы, 66.
Тарау ii. II. Басымдықтары
II. Басымдықтары
Тармақ 2
2. Департаменттiң iс-қимылының басымдықтары мыналар болып табылады: - облыстың кешендi әлеуметтiк-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективадағы мiндеттерiн шешуге бағытталған мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру; - инвестициялық үдерiстердi жандандыру; - экономиканың нақтылы секторындағы экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Тарау iii. III. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
III. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 3
3. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: - мемлекеттiк өнеркәсiп, сыртқы экономикалық және сауда саясатын әзiрлеу және жүзеге асыру; - республика және облыстың даму стратегиясымен анықталған, ең алдымен қаржылық тұрақтануына, өндiрiстiң құлдырауын тоқтатуға, экономиканың өрлеуiн қамтамасыз етудiң мақсатты көрсеткiштерiне қол жеткiзу; - облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарының қызметiн болжау және талдау; - өз құзыры шеңберiнде өнеркәсiп, көлiк, байланыс және басқа шаруашылық субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiн мониторингiлеу; - сыртқы экономикалық байланыстар орнату және дамыту, өнiмдердiң экспортын, импортын дамыту; - облыстың тұтыну рыногының коньюнктурасын зерттеу және оның дамуын болжау, көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзуге қатынасу; - облыс мұқтажына арналған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуға тендерлер ұйымдастыру және өткiзу, сондай-ақ конкурстық құжаттарды әзiрлеу.
Тарау iv. IV. Департаменттiң функциялары
IV. Департаменттiң функциялары
Тармақ 4
4. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналарды жүзеге асырады: - кәсiпорындар қызметiне талдау жасайды, облыстың өнеркәсiп саясаты бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыс әкiмiнiң бағдарламаларының, iс-қимыл жоспарларының орындалуына бақылау жасайды және есептер дайындайды; - сыртқы және iшкi тауар рыноктары коньюнктурасын зерттейдi; - өндiрiс көлемдерiн ұлғайту және бюджеттiң орындалуының қамтамасыз етiлуi үшiн кәсiпорындарға өнеркәсiп әлеуетiн, шикiзат ресурстарын тиiмдi пайдалануда ықпал жасайды; - сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушылардың сыртқы рынокқа шығуы үшiн мейiлiнше қолайлы жағдай туғызуға, облыстың экспорт әлеуетiн, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсiпкерлiктi дамытуға ықпал жасайды; - облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарының импорт-экспорт операцияларын мониторингiлейдi, тауарларды сырттан әкелу және сыртқа шығару теңдестiгiн және сыртқы экономикалық байланыстарды оңтайландыру жөнiнде талдау жасайды және облыс әкiмiне ұсыныстар дайындайды; - сауда және сыртқы экономикалық қызмет мәселелерiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, кәсiпкерлерге, жеке тұлғаларға маркетингтiк және ақпараттық қызметтер көрсетуге ықпал жасайды; - аймақты тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында меншiктiң барлық түрiндегi тауар өндiрушiлер қызметiн үйлестiредi; - «Тұтынушы құқын қорғау туралы» Қазақстан Рспубликасының Заңында қаралған тұтынушылар құқының қорғалуына, сауда, қоғамдық тамақтандыру саласындағы ережелер мен тәртiп жөнiндегi талаптардың сақталуына, меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындардың тауар рыногын сапалы өнiмдермен толтыруына бақылау жасайды; - өнiм сапасы үшiн тауар қозғалысының барлық жүйесiнде (өндiрiстен сатылуға дейiн) бақылау жасауды қамтамасыз етуде ықпал жасайды; - жергiлiктi бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлар сметаларының бекiтiлген көрсеткiштерi негiзiнде номенклатура мен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер көлемдерiн құруға ат салысады; - тапсырыс берушiлер жүргiзетiн мемлекеттiк сатып алулар барысына бақылау жасауды және үйлестiрудi, сатып алулар туралы мемлекеттiк келiсiм-шарттар жасауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 4.1
4.1. Департамент өнеркәсiп өндiрiсiн дамытуда қолайлы жағдай туғызуға ықпал ету, кәсiпорындар қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi шараларға сәйкес, облыстың өнеркәсiп саясатын жүзеге асыру мақсатымен, мына мемлекеттiк өкiлеттi органдармен, кәсiпорындармен және ұйымдармен; - өнеркәсiп кәсiпорындарымен әртүрлi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуде қолайлы және тиiмдi iс-қимылдар жасау үшiн облыс әкiмiмен және кәсiпорын арасында Келiсiм дайындауды; - өнеркәсiп кәсiпорындарынан салық түсiмдерiнiң уақытында түсуiн мониторингiлеуде салық комитетiмен; - кәсiпорындардың тауар қозғалысын шұғыл қадағалауда кеден басқармасымен; - табиғи монополистер қызметiне тарифтердi реттеуде Қостанай облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi ҚР комитетiмен; - темiр жол арқылы кәсiпорындардың жүктердi жөнелту және қабылдау мерзiмдерi үшiн бақылау жасауда «Қазақстан темiр жолы» АМК Қостанай тасымалдау бөлiмшесiмен; - кәсiпорындар тауарларын және өнiмдердi өндiруде сертификаттауды енгiзу жөнiнде стандарттау, метрология және сертификаттау орталығымен; - тамақ өнiмдерi жөнiнде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансамен; - техника қауiпсiздiгiнiң нормаларын және жабдықтарды пайдалану ережелерiн сақтау жөнiнде ТЖ жөнiндегi Қостанай облыстық басқармасының облыстық мемлекеттiк инспекциясымен; - кәсiпорындарда өртке қарсы қауiпсiздiктiң алдын алу жөнiнде Қостанай облысының ТЖ жөнiндегi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет комитетiмен; - кәсiпорындарға жер бөлу және бекiту жөнiнде жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетпен; - кәсiпорындардың табиғатты қорғау заңдарын орындау жөнiнде қоршаған ортаны қорғау басқармасымен; - кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметi, көрмелер-жәрмеңкелер өткiзу, тауарлардың қызметтердiң, шығу сертификаттары, шығу сертификаттары, аудит мәселелерi жөнiнде облыстық сауда-өнеркәсiп палатсымен; - мүлiктiк кешендердi бөлу, жекешелендiру жүргiзудiң кестелерi мен мерзiмдерi жөнiнде кәсiпорындарды қайта құру мәселелерiнде меммүлiк және жекешелендiрудiң аумақтық комитетiмен; - өнеркәсiп кәсiпорындарына санация, бөлшектеу, тарату және банкрот жүргiзу мәселелерiнде «Кәсiпорындарды қайта құру және тарату жөнiндегi агенттiк» АҚ филиалымен; - пайдалы қазбалардың кен орындарын ұтымды пайдалану және нормаларын сақтау жөнiнде жер асты байлығын пайдаланушылар жұмысын бақылау үшiн жер асты байлығын қорғау және пайдалану жөнiндегi инспекциямен бiрлесе отырып iс-қимыл жасайды.
Тарау v. V. Департаменттiң құқы
V. Департаменттiң құқы
Тармақ 5
5. Департаменттiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруда мыналарға құқы бар: - әлуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттары, аймақтың дамуының басымдыктары және стратегиялары жөнiнде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне, облыс әкiмiне ұсыныстар енгiзуiне; - өз құзыры шегiнде орындауға мiндеттi нұсқаулар беруiне және олардың орындалуын қамтамасыз етуiне; - Департамент құзырына жатқызылған мәселелердi шешу жөнiнен облыс әкiмiнiң қарауына ұсыныстар түсiруiне; - өз құзыры шегiнде тауарлардың экспорты-импорты жөнiнен келiсiмдер жасауына, сыртқы экономикалық байланыстар орнату жөнiнен тиiстi ведомстволар және ұйымдармен келiссөздер жүргiзуiне; - конкурстық комиссияларға қатынасуына, тексерулер мен сараптамалар жүргiзу үшiн олардың басшыларымен келiсе отырып, облыс кәсiпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын тартуына; - өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмыс мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзуiне және келiсiмдерге, басқа заң актiлерiне қол қоюына; өз құзырына қарасты мәселелер бойынша орындаушы органдардан, облыстық басқармалар мен ведомстволардан, барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуына және алуына; - басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып өнеркәсiп кәсiпорындарын экономикалық сауықтыру жөнiнен шаралар әзiрлеу мен iске асыруға қатынасуына; - өнеркәсiп кәсiпорындарының облыстың өнеркәсiбiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын орындауға бақылау жасауды жүзеге асыруына; - олар бойынша экономикалық ықпал ету шараларын қолдану үшiн сәйкестi органдарға сауда ережесiн сақтау жөнiндегi материалдарды жолдауына. Департамент осы ережеде көрсетiлген құқықтармен қатар, оған заң бойынша берiлген басқа құқықтарға да ие бола алады.
Тарау vi. VI. Депатамент қызметiн ұйымдастыру
VI. Депатамент қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 6.1
6.1. Депатаменттi лауазымына облыс әкiмi тағайындайтын және босататын директор басқарады.
Тармақ 6.2
6.2. Департамент директоры: - Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады; - Депатаментке жүктелген функцияларды орындауға жеке жауап бередi; - заңда белгiленген тәтiппен Департамент қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады; - Департамент директоры орынбасарларының, бөлiм бастықтары мен басқа жауапты қызметкерлердiң өкiлеттiлiктерi мен мiндеттерiн анықтайды; - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Департаменттi атқарушы органдар мен ұйымдарда ұсынады; - бөлiмдер мен Депатаменттiң басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 6.3
6.3. Департамент қабылдаған шешiмдер Департаменттiң директорының бұйрықтарымен ресiмделедi.
Тармақ 6.4
6.4. Департамент директоры болмаған кезде оның мiндетiн директор тағайындаған орынбасарлардың бiрi атқарады.
Тарау vii. VII. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату
VII. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату Департамент заңға сәйкес облыс әкiмiнiң шешiмiмен қайта ұйымдастырылады және таратылады.