Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31 бабына және Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Нұра аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қантардағы 21 сессиясының «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы 20 сессиясының «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (2006 жылдың 25 қантарында Қарағанды облысы Әділет департаментінің Әділет басқармасында тіркелінген нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізімінде 8-14-15) № 217 шешіміне сәйкес және аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға 2006 жылы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға үш тонна көмір, жүз киловатт электр жарығын алу үшін 6624 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Материалдық қөмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектердің және оларға теңестірілгендердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген азаматтарға материалдық көмек көрсетілетін көмекті төлеу бойынша есебін жүргізу, бақылау және есеп беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Гүлнәр Тақуқызы Жүпенова) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Баранов Николай Анатольевич) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі дайындаған тізімдерге сәйкес қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2005 жылгы 9 қыркүйектегі «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңеетірілген тұлғаларға материалдық көмек көрсету туралы» (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында 2005 жылдың 30 қыркүйегінде тіркелінді, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердегі тіркеу № 8-14-7) № 13/06 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Басқа 7. Материалдық қөмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектердің және оларға теңестірілгендердің тізімі:
Қосымша Аудан әкімдігінің 2006 жылғы «15» маусымдағы № 09/08 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Материалдық қөмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектердің және оларға теңестірілгендердің тізімі: № Аты-жөні Мекен жайы 1 Гринь Федор Максимович Киевка кенті 2 Меша Иван Егорович Киевка кенті 3 Омаров Өтеген Киевка кенті 4 Иващенко Иван Иосифович Киевка кенті 5 Мирошниченко Андрей Семенович Киевка кенті 6 Баймағамбетов Жаңабыл Киевка кенті 7 Старчевой Иван Иванович Киевка кенті 8 Иващенко Николай Корнеевич Киевка кенті 9 Свиденко Петр Михайлович Көбетей ауылы 10 Скорик Василий Пантелеевич Көбетей ауылы 11 Скорик Михаил Пантелеевич Көбетей ауылы 12 Беляева Мария Николаевна Көбетей ауылы 13 Ысқаков Ахметбек Кертінді ауылы 14 Безбородько Михаил Степанович Құланөтпес ауылы 15 Куценко Григорий Ионовин Тассуат ауылы 16 Гайнутдинов Сергей Александрович Щербаковское ауылы 17 Ишимов Борис Семенович Ахметауыл ауылы 18 Руди Галина Алексеевна Ахметауыл ауылы 19 Драчев Петр Петрович Заречное ауылы 20 Нестерук Иван Михайлович Заречное ауылы 21 Коньков Павел Сергеевич Киевка кенті 22 Гривицкий Иван Михайлович Ивановка ауылы 23 Фоменко Павел Дмитриевич Байтуған ауылы 24 Шомбинов Елеусіз Байтуған ауылы 25 Мақажанов Нұрсапа Қарой ауылы 26 Оспанов Ыдырыс Қантай ауылы 27 Дудкин Николай Федорович Көбетей ауылы 28 Юсупов Рухбаян Алғабас ауылы 29 Тұрмағанбетов Үмен Кертінді ауылы 30 Шәкенов Ахан Байтуған ауылы 31 Смайылов Толысбек Баршино ауылы 32 Глушко Дмитрий Ефимович Пржевальское ауылы