Об утверждении платы за пользование горячим водоснабжением и отоплением, поставляемых АО "Алматытеплокоммунэнерго" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматыжылукоммунэнерго" АҚ беретін ыстық су мен жылуды пайдаланғаны үшін төлемді бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 31.12.2003 № 5/778 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылгы № 1377 "Коммуналдық қызмет үшін төлемді белгілеу тәртібі туралы“ Қаулысы негізінде, Алматы қалалық Мәслихаттың 1998 жылғы 25 наурыздағы "Алматыжылукоммунэнерго" АҚ беретін жылу энергиясы мен химиялық тазаланған суға тарифтер туралы" 1 шақырылған ХҮІІІ сессиясының Шешіміне сәйкес сондай-ақ тұтынушылар топтары бойынша тарифтердің, теңгермешілдігін жою жөніндегі бағдарлама бойынша, Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тұрғындарға № 1-қосымшаға сәйкес ыстық су мен жылуды пайдаланғаны үшін төлем бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім өз күшіне 1998 жылғы 1 шілдеден бастап енеді.
Басқа 3
Алматы қаласы Әкімінің 1998 жылғы 07 шілдедегі № 642 шешіміне № 1 қосымша "Алматыжылукоммунэнерго" АҚ жеткізіп беретін ыстық суды, жылуды пайдаланғаны үшін ТӨЛЕМДЕР
Тармақ 1
1. ҚҚС-н қоса алғанда, ай сайын 1 адамға шаққанда ыстық сумен қамтамасыз ету тарифтері
Тармақша а
а) ыстық сумен орталықтандырылған төсілмен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлерде 392-00 теңге
Тармақша б
б) қол жуғыштармен, душтармен жабдықталған үйлерде 323-91 теңге
Тармақша в
в) отырып жуынатын ванналары бар, душтармен жабдықталған үйлерде 353-93 теңге
Тармақша г
г) қол жуғыштармен жабдықталған үйлерде 93-39 теңге
Тармақ 2
2. 1 шаршы м. пайдалы алаңға шаққанда орталықтандырылған жылу үшін, ҚҚС-н қоса алғанда, әр ай сайын, жыл бойы үздіксіз түрғындардан ұсталатын тарифтер 21-39 теңге