О мерах по упорядочению взимания платы за услуги в Департаменте жилья Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй департаментінде көрсетілетін қызметтер үшін алынатын ақыларды ретке келтіру шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 07.03.2006 N 33 шешімімен. Алматы қаласы Әкімі аппаратының Тұрғын үй департаменті бюджеттен қаржыландыратын қалалық қызметтер тізімінде, бірақ барлық шығындар ақылы қызмет көрсету есебінен және 1994 жылғы 23 қыркүйектегі депутаттардың қалалық мәслихат-жиналысының екінші сессиясында қабылданған ордерді беру жиыны туралы Ережесіне сәйкес ордерді рәсімдеуден түскен ақшамен, көрсетілетін қызмет ақысымен жабылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Жергілікті және орталық атқару органдарының қызмет көрсетуіне ақы төлеуді реттеу шаралары туралы" және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қаулыларына сәйкес Тұрғын үй департаментінің ақылы қызметін Мемлекеттік Тіркеуге енгізу үшін, Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының мәртебесі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімі Шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Мына қызметтер үшін ақы алу ретке келтірілсін: - пәтер құқығын заңдастыруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін (ордер, жекеменшік құқығындағы куәлік, пәтерді жекешелендіру туралы шарт) төленетін ақы сол төленетін тұстағы ең аз еңбекақының 2 еселенген мөлшерінде болады, оның 50 проценті Департамент шығындарына жұмсалады, 50 проценті қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне аударылады; - қалалық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетімен келіскен соң, қосымша қызмет көрсету үшін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй департаментіне (Ш. Бекбатыров) құқығын заңдастыратын құжаттарды рәсімдеу үшін ақы алуға және қосымша қызмет көрсетуге рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М. Дұлқайыровқа жүктелсін.