Об утверждении годовых ставок акциза для игровых автоматов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын автоматтарының жылдық акциздік ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 258, 391-397 баптарына, Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2000 жылдың 28 қаңтарындағы № 137 «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларда және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақшалай ұтысы бар ойын автоматтарының жылдық акциздік ставкаларын айлық көрсеткіштермен - жылына 20 АЕК.
Тармақ 2
2. Берілген шешім Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.