О вопросах лицензирования розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылдың 23 каңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 22 тармақшасына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 5 бабының 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 15 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың, тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы №1258 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензияға қол қою құқығымен уәкілетті тұлға аудан әкімінің орынбасары Нуркенов Абылай Маралұлы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензияны беруге құжаттарды дайындау, лицензияны беру есебін жургізу, лецинзиялық ережесінің сақталуына бақылау жургізу бойынша функцияларды жузеге асыру бойынша жұмыс органы болып «Аққайың аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
Тармақ 3
3. Қосыла берілген лицинзиялық ережелердің сақталуына тeкcepic жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу Ережесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының, орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М.Нуркеновке жүктелсін.
Басқа 5. Лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жургізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖEСI
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 125 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жургізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖEСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тәртіп «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы, «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәүірдегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңдарға, «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ, алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы №1258 қаулысына (бұдан әpi Қаулы) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жургізу және олардың нәтижелерін ресімдеу тәртіпті реттейді.
Тармақ 3
3. Аққайың ауданы аумағында орналасқан және алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар тексеріске жатады.
Тармақ 4
4. Бекітілген тексеру кестeci негізінде, орнатылған тәртібінде тіркелген уәкілетті тұлғамен қол қойылған тексерісті тағайындау туралы актқа келісілді немесе заңмен орнатылған тәртібінде нақты лецензиатқа қатысты мемлекеттік органдардың ұсыныстары және азаматтардың өтініштepi бойынша «Аққайың аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесімен тексерістер жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау лицензиялау ережесінің сақталуын тексеруге жатады:
Тармақша 1
1) тікеу нөміріне фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттары бар және сәйкестігін;
Тармақша 2
2) сататын өніміне сәйкестік сертификаты (және белгілері) барын, белгіленген тәртіппен таңбаланған акциз алымы таңбалары және сақтау мерзімін сақталуын;
Тармақша 3
3) алкогольдік өнімінің сатуда ең төмен бөлшек құнның сақталуын;
Тармақша 4
4) сауда үй-жайының бары (сауда залы, тауарларды сақтауға арналған қабылдау бөлмесі, ыдыс пен қораптарды сақтау бөлмесі, әкімшілік-тұрмыстық бөлмемесі);
Тармақ 6
6. «Аққайың аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексерістерді өткізу үшін берілген тексерістерді тағайындау туралы актілердің тipкey журналын жүргізеді.
Тармақ 7
7. Тексерістің қорытындысы бойынша лицензиялык ережелердің сақталуын тексеру туралы акт жасалады. Тексерістің күні мен уақыты, тексерісті тағайындау туралы актінің күні мен нөмipi, тексерушілердің мәсіметтері, лицензияның берілген куні мен нөмipi, салық төлеушінің нөмipi, саудан орынның атауы мен орналасқан орны, сауда орын иесінің тегі, аты, әкесінің аты, тексеріс жасалғанда саудан орынның қызметкерлерінің лауазымы, алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасау ережелердің сақталуын немесе бұзылуы туралы мәліметтер актте көрсетіледі. Бұзушылық айқындалған кезде, тексерушілер лицензиаттан тусінік хатты жазбаша турінде алу керек, қайсысы акта қосыла беріледі. Түсінік хат беруден бас тартса, акт жасалады. Бұзушылықтың болса да, болмаса да тeкcepic қорытындысы бойынша лицензиатқа немесе сауда орынның қызметшісіне қол қою тәртібінде акттің көшірмeci беріледі. Қаулыға сәйкес лицензиар тоқтату себебін көрсете отырып лицензияның қолданылуын 6 айға тоқтата тұру мумкіндігі бар.
Тармақ 8
8. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарау лицензиттың қатысуымен тексерулердің нәтижелері бойынша жургізіледі.
Тармақ 9
9. Лицензиат қолы қойдырылып немесе почта арқылы мәлімделіп лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарайтын күн мен орны туралы хабарландырылады.
Тармақ 10
10. Лицензиат келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
Тармақ 11
11. Лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімі лицезиатка қолы қойдырылып тапсырылады не почтамен (қулақтандыру) жіберіледі.
Тармақ 12
12. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерін лицензиат жойған соң лицензия қолданылуы қайта басталады, бұл туралы лицензиату жазбаша турінде қолы қойдырылып не почта арқылы хабарламамен (қулақтандыру) мәлімдемеледі.
Тармақ 13
13. Лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешімді лицензиар жүргізілген тексеруден соң қабылдайды.