«Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах Жамбылского района» Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл ауданы елдімекендеріндегі жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы елдімекендеріндегі жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының шешімі ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Жамбыл ауданы елдімекендеріндегі жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 07 маусьмдағы
XXX сессиясының № 4/30 шешіміне
қосымша
Жамбыл ауданы елдімекендеріндегі жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері
Тармақ 3
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешеннің және селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ереже ауылшаруашылық малдарының, иттердің, мысықтардың (әрі қарай малдар) иелеріне, соның ішінде ведомстволық бағынысына және меншік түріне қарамастан, өз қызметтерін Жамбыл ауданы аумағында іске асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарға қарасты болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрған орынға қарай қолда ұстаған малдарды тіркеу және жыл сайын идентификациялау, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау, днагностикалық зерттеулер жасау міндетті түрде.
Тармақ 3
3. Малдардың сатылуы, әкелінуі, әкетілуі тек паспорт және бекітілген үлгідегі ветеринариялық куәлік болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Малдардың сояр алдындағы ветеринариялық байқауынсыз союын және сатылуын болдырмау.
Тармақ 5
5. Малдар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда мал Қазақстан Республикасы заңымен бекітілген тәртіпте алынады және жекеленеді.
Тармақ 6
6. Қаңғыма малдар аулануға жатады.
Тарау 2. 2. Мал иесінің міндеттері
2. Мал иесінің міндеттері
Тармақ 7
7. Иелер міндетті:
Тармақша 1
1) жануарларға олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жанашырлықпен қарап, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалған уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге;
Тармақша 2
2) малдарды ұстау орындарында тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринарлық қызметтер мамандарының талаптары бойынша жануарларды қарау, құжаттандыру, идентификациялау, диагностикалық зерттеу мен алдын ала егулер жасау үшін әкелуге;
Тармақша 4
4) айналасындағы қоршаған адамдардың жануарлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға: байлауда және арнайы бөлінген жерлерде ұстауға, ескерту маңдайшалары болып, аулалар мен жоршалған торларда (вальтер) ұстауға;
Тармақша 5
5) жануарлардың ауырғанында немесе өлгенінде, адамдар мен жануарларды иттер (мысықтар) тістеп алған жағдайда медициналық және ветеринарлық мекемеге жедел түрде хабар беруге.
Тармақ 8
8. Мал қырылған (өлген) кезде, өлікті арнайы белгіленген орында (өлік орнында) ветеринариялық маман жарып зерттейді. Жеке аулаларда өз еркімен лақтырып тастауға немесе көмуге тыйым салынады. Өлген жануарды көму оның иесі есебінен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Көшені кесіп өткен кезде және магистраль жанында мал иелері жол-көлік оқиғасын және малдардың өлімін болдырмау үшін сақтандыру шараларын қолдануға тиісті.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің құқықтары
3. Жануарлар иелерінің құқықтары
Тармақ 10
10. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңымен қорғалады.
Тармақ 11
11. Жануарлар сот шешімі бойынша немесе қолданыстағы заңнамаларда қаралған басқа да заңды тәртіпте иесінен алып қойылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Иттерді және мысықтарды ұстау
4. Иттерді және мысықтарды ұстау
Тармақ 12
12. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) малдарды тұрақжайда, соның ішінде зоогигиеналық ветеринарлы-санитарлық нормаларды сақтап пәтерде ұстау;
Тармақша 2
2) жолаушыларға қауіпсіздік көрсету жағдайын сақтап, жануарларды барлық көлік түрлерімен тасымалдауға: байлаулы тұрғанда, тізгіншемен, тұмылдырықпен, тормен;
Тармақша 3
3) иттерді қостарда, табындарда, аңға шыққанда айтақтағанда, оқу-үйрету алаңдарында, арнайы ұйымдармен жедел пайдалану кезінде тізгінсіз, тұмылдырықсыз ұстауға.
Тармақ 13
13. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жануарларды көпшілік пайдаланатын жерде тізгінсіз, тұмылдырықсыз серуендетуге;
Тармақша 2
2) жануарлардың көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындарды, кірме жолдарды, саты алаңдардың, спорт, балалар алаңдардың, газондарды, тротуарларды ластауына.
Тарау 5. 5. Ауылшаруашылық және үй жануарларын, құстарды ұстау
5. Ауылшаруашылық және үй жануарларын, құстарды ұстау
Тармақ 14
14. Үй жануарлары мен құстары қолданылып жүрген нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған қоршалған аумақта, басқа объектілерден алшақ жерде ұсталуыға тиісті.
Тармақ 15
15. Ауылшаруашылық малды және құсты ұстау мен көбейту ветеринариялық (ветеринариялы-санитарлық) ережелер мен нормаларға сәйкес рұқсат етіледі.
Тармақ 16
16. Ауылшаруашылық мал және құс иелері малдар мен құстарды ұстау және өсіру кезінде зоотехникалық және ветеринариялы-санитарлық талаптарды орындауға, мал шаруашылығы қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануын болдырмауға міндетті.
Тармақ 17
17. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) ауру, зерттелмеген, вакцинацияланбаған малдарды қоғамдық табынға шығаруға;
Тармақша 2
2) малдарды және құстарды елдімекен бекіткен орындардан басқа көше, алаң, гүлбақ және басқа да көпшілік пайдаланатын орындарда жайуға;
Тармақша 3
3) ауыз су алатын орындарында малдарды және құстарды суаруға (ұнғымалар, құдықтар, суайдауыш мұнараның санитарлық аймағы);
Тармақша 4
4) малдарды және құстарды адам демалатын жағажай орындарында, өзенде жуындыруға.
Тарау 6. 6. Жауапкершілік
6. Жауапкершілік
Тармақ 18
18. Осы Ереженің бұзылуына кінәлі малдың иесі, оның іс-қимылы құрамы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса, Қазақстан Реепубликасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 310, 311 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.