Об упорядочении международных и междугородних пассажирских перевозок Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халыкаралық және қалааралық жолаушыларды тасымалдауды ретке келтіру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.10.2004 № 4/827 қаулысымен. Алматы қаласының жолдары мен көшелеріндегі жүк көліктердің тасқынын төмендету және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қыргызстан Республикасының арасындағы 1993 жылғы 26 қазандағы келісіміне және Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 12 шілдегі келісімдеріне сәйкес Алматы қаласының ауасын тазарту мақсатында, Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЬІ:
Тармақ 1
1. Халықаралық автобус сызбаларын және шет елдік халықаралық такси тасымалдау жол сызбаларын реттеу үшін, сондай-ақ солтүстік және батыс және солтүстік шығыс бағыттағы халықаралық автобус жол сызбаларымен ұлттық тасымалдау жол сызба таксилерін, жол қозгалысын "Сайран" халықаралық автобекетіне дейін қозғалысы шектелсін. Халықаралық жол сызба бағыттары үшін Ұйгыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек және Іле аудандарына соңғы жол аялдамасы "Саяхат" автобекеті болып анықталсын.
Тармақ 2
2. Барлық халықаралық және қалааралық автобус қатынастары мен жол сызба такси ұлттық жөне Халықаралық тасымалдаушылар жиі жүрмейтін тасымалдар үшін батыс, солтүстік және солтүстік шығыс бағыттағы қозғалыстар "Сайран" Халықаралық автобекетіне дейін, шығыс бағытта "Саяхат" автобекетіне дейін.
Тармақ 3
3. "НИИТ" ЖАҚ (М.М. Бекмағамбетов) ҚЖТК (А.С. Құмалақов) және "Сайран" Халықаралық автобекет ЖАҚ-на қаланың шекарасынан тиісті автобекеттерге қысқаша жол сызба бағыттарын анықтасын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласынан тыс жерлерден келетін жолаушы азаматтардың тасқынын реттеу мақсатында "Сайран" Халықаралық автобекетінің президенті (Е.М. Мұқажанов) автобекетке келушілерге қызмет көрестуді қамтамасыз етсін, ал жолаушыларды тасымалдау мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (А.С. Құмалақов) "Сайран" автобекетінен жолаушыларды Әмбебап базарга дейін тасымалдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Алматы қалалық жол полициясы басқармасының бастығы (Н.А. Ыбырайымов) және Алматы қаласы бойынша Көлік және коммуникация және туризм министрлігінің Көлікті бақылау басқарма комитеті (Б. Бұлғақбаев) қала аумағындағы жол сызба бойынша автобекеттерге бағытталған барлық жол қозғалысын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.