О переименовании отдельных административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып Мақтарал, Отырар аудандары мәслихаттары мен әкімияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ: Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері: Мақтарал ауданы бойынша Қызылту ауылдық округі - Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі болып; Прогресс ауылдық округі - Аязхан Қалыбеков ауылдық округі болып; Отырар ауданы бойынша Қарақоныр ауылдық округінің Қарақоныр ауылы - Шәмші Қалдаяқов атындағы ауыл болып қайта аталсын.