О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Урджарского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бөліністерінің атауын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы  1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының  4) тармақшасына сәйкес, "Некрасовка ауылдық округінің атауын өзгерту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 4 ақпандағы N 19-173-III және әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы  N 04 бірлескен шешімі мен қаулысының, "Алтыншоқы ауылдық округіндегі қызыл Жұлдыз ауылының атауын өзгерту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 4 ақпандағы N 19-174-III және әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 05 бірлескен шешімі мен қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданының мынадай әкімшілік-аумақтық бөліністері: Некрасовка ауылдық округі Жоғарғы Егінсу ауылдық округіне; Алтыншоқы ауылдық округіндегі қызыл Жұлдыз ауылы Айтбай атындағы ауылына қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Шешім Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.