Об утверждении Правил оформления прав на земельные участки, легализованные в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об амнистии в связи с легализацией имущества" Қолданыста
Басқа 0
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 3. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 19 шілдедегі
N 688 қаулысымен
бекітілген
"Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесi
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және Заңға сәйкес жария етiлген жер учаскесiне құқықтарды ресiмдеу тәртiбiн регламенттейдi.
Тармақ 2
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк немесе жер пайдалану құқықтары ресiмделмеген жер учаскелерiне қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Ереже Заңның 3-бабында көрсетiлген мүлiкке (жер учаскелерiне) қолданылмайды.
Тарау 2. 2. Жария етiлген жер учаскесiне құқықты ресiмдеу тәртiбi
2. Жария етiлген жер учаскесiне құқықты ресiмдеу тәртiбi
Тармақ 4
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - комиссия) мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария ету субъектiсiне комиссия қабылдаған шешiм және жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау үшiн осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарына сәйкес материалдарды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына ұсыну қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Тармақ 5
5. Жер учаскесінің сыртқы шекараларын анықтау жөніндегі материалды жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, жария ету субъектілері жасайды.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының азаматтары учаске сызықтарының өлшемдері мен шектес учаскелердің иелері (шектес учаскенің иесі туралы деректер: тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлғаның атауы) көрсетілген тиісті схема (жоспар) жасай отырып, жеке қосалқы шаруашылығының (үй маңындағы учаске) жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін өздеріне тиесілі жер учаскесінің сыртқы шекараларын өздігімен анықтай алады.
Тармақ 7
7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы жария ету субъектiлерiнен осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарында көрсетiлген материалдар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды.
Тармақ 8
8. Ұсынылған құжаттарды қарау кезiнде жер учаскесiнiң көлемi және нысаналы мақсаты, оған қатысты ауыртпашылықтар мен шектеулер, оның бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi анықталады.
Жария етiлген жер учаскесi аумағының көлемi Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 50-бабында белгiленген нормалардан артық болған жағдайларда бүкiл жер учаскесiне құқығы уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану болып анықталады.
Тармақ 9
9. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесiнде жер учаскесiне құқығы анықталады және тиiстi құжаттар жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты (жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беретiн акт немесе уақытша (ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге) өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретiн акт) дайындау үшiн мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға (бұдан әрi - кәсiпорын) жiберiледi.
Тармақ 10
10. Кәсiпорын материалдар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде құқықты куәландыратын құжатты дайындайды.
Тармақ 11
11. Құқықты куәландыратын құжатты дайындау кезiнде құжаттың графикалық бөлiгiнде мынадай мазмұндағы жазба жазылады: "cxeмa (жоспар) жер учаскесi иесiнiң (жер пайдаланушының) деректерi бойынша жасалды".
Тармақ 12
12. Кәсiпорын дайындалған құқықты куәландыратын құжатты тиiстi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына жария ету субъектiсiне беру үшiн жiбередi.
Тармақ 13
13. Жеке тұрғын үй объектiлерiне арналған жер учаскелерiн жария еткен Қазақстан Республикасының азаматтарына құқықты куәландыратын құжатты дайындау өтеусiз негiзде жүргiзiледi.
Басқа жария ету субъектiлерiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау заңнамада белгiлеген тәртiппен бекiтiлген бағаларға сәйкес, өтеулi негiзде жүргiзiледi.