Об утверждении Типового положения о комиссии по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңы 11-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiнде комиссиялар (бұдан әрi - комиссиялар) құрсын;
Тармақша 2
2) комиссиялар туралы ереженi бекiтсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 689 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi алқа органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзiнiң қызметiн "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), осы Yлгi ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдардың, жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiнен құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссияны төраға - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң орынбасары басқарады. Комиссияның дербес құрамы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiледi.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссияның негiзгi мiндетi жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдау болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) өтiнiштерiн уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi белгiлеу;
Тармақша 3
3) құжаттардың мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынған мәлiметтерге сәйкес келуiн анықтау;
Тармақша 4
4) жария ету субъектiсiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру;
Тармақша 5
5) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етiлген мүлiк тiзiлiмiне енгiзу болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссия жұмысының тәртiбi
3. Комиссия жұмысының тәртiбi
Тармақ 7
7. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерiнiң өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен тiркейдi.
Тармақ 8
8. Жария ету мерзiмi iшiнде берiлген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi комиссияға өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс.
Тармақ 9
9. Заңның 6-бабында және 11-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейiн комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы дәлелдi шешiм шығарады. Шешiмге комиссияның төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
Тармақ 10
10. Шешiм әрбiр жария ету объектiсi бойынша жеке қабылданады.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының хаттамасын жүргiзедi. Отырыстың хаттамасына хаттамада көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап беретiн комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Тармақ 12
12. Жергiлiктi атқарушы органдар мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын қамтамасыз етедi.
Тармақ 13
13. Жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектiсiнiң мүлiктi жария еткенi үшiн алым төлегенi және мүлiктi жария еткенi үшiн алым төлеушiлер болып табылмайтын адамдар туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 14
14. Комиссия өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетiн жылжымайтын мүлiк туралы қажеттi ақпаратты сұратуға;
Тармақша 2
2) комиссияның құрамына кiрмеген мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тартуға;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған адамдардан түсiнiктеме алуға;
Тармақша 4
4) жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерi мүлкiнiң тиесiлiгiн анықтауға;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметiн тоқтату
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
Тармақ 15
15. Комиссия Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн өз қызметiн тоқтатады.