Об областной программе функционирования и развития языков Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 9/896 хаты). "Тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған тiлдердi қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.А.) 1999 жылға облыстық бюджеттi нақтылау және оны 2000 жылға қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыруға қажеттi қаражат қарастыратын болсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудан әкiмдерi бiр ай мерзiмде облыстық Бағдарламаға сәйкес қалалық және аудандық бағдарламаларды әзiрлеп, бекiтсiн және оларды жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 5. Тiлдердi қолдану мен дамытудың облыстық
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 10 наурыз 1999 ж. шешiмiмен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың облыстық БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 93 бабына, "Тiл туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының "Тiл саясатының тұжырымдамасына" және "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына" сәйкестендiрiлiп жасалған. Соңғы кезеңде Шығыс Қазақстан облысында өткен кезеңдерде адамдар арасындағы қарым-қатынастарда қалыптасқан тiл жөнiндегi көзқарастарды, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру бағытында мақсатты жұмыстар атқарылуда. Бұл шаралар ұлтаралық, қоғамдық келiсiм мен адамдар арасындағы сыйластықты нығайтудағы басты фактор болуда. Бағдарламаның мақсаты - мемлекеттiк тiлдi жан-жақты дамыту, оның конституциялық мәртебесiн нығайту, қолдану аясын кеңейту және басқа тiлдердiң де дамуына жағдай жасау. Шығыс Қазақстан облысындағы тiлдердiң қолданылуы мен дамуының бағдарламасы мына бағыттардағы кешендi шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
Тармақ 1
1. Жалпы бiлiм беретiн мектептер жүйесi арқылы мемлекеттiк тiлдi дамыту және қазақ тiлiнiң маман-кадрларын даярлау арқылы мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында белсендi түрде қолданылуын және облыс тұрғындарының мемлекеттiк тiлдi тегiн меңгеруiне алғы шарттар жасау.
Тармақ 2
2. Қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында, әсiресе бiлiм, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттiк басқару, сот жүргiзу iсiнде белсендi қолданылуына қажеттi алғы шарттарды қалыптастыру.
Тармақ 3
3. Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзудi кезең-кезеңмен көшiруге нақты негiз жасау.
Тармақ 4
4. Облыс тұрғындарының ана тiлдерiн еркiн пайдалануына, өзара қатынас, тәрбие, оқыту және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуына қолайлы жағдай жасауды дамыту және сақтау. Облыстық бағдарламаны iске асыру мерзiмi 1999-2000 жылдар кезеңiне есептелген. Көрсетiлген кезеңде тiлдердi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды орындау көзделген Бағдарлама "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңын iске асырудың бастапқы кезеңдегi мiндеттерiн орындауға бағытталған. Тiлдердi қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасы аумақтағы нақты тiлдiк ахуалды зерттеп, талдау негiзiнде жасалған. Бағдарламада көзделген шараларды жүзеге асыру үшiн төмендегi мiндеттердi шешу ұсынылады: - Тiл саласындағы құқықтық нормаларды бұлжытпай орындау. - "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" заңның орындалуын қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, материалдық, техникалық, мамандар ресурсымен қамтамасыз ету. - Облыстық қоғамдық өмiрiнде тiлдердiң әсiресе мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту. - Бiлiм беру саласында тiлдерге оқытудың сапасы мен әдiстемесiн жақсарту. Тiлдердi оқытудың жаңа технологиясын даярлау, жетiк тәжiрибелердi насихаттау. Қажеттiлiгiне қарай оқыту орталықтарын құру. Мектептердi компьютерлендiру кезiнде мемлекеттiк және басқа тiлдердi оқытуда компьютерлiк бағдарламалармен жабдықтауды ескеру. - Өзге ұлт өкiлдерi басым тұратын аумақтарда жаңадан ашылған қазақ тiлiнде оқытатын және тәрбиелейтiн мектептердi, аралас тiлдi мектептердегi қазақ сыныптарын қолдау және дамыту үшiн басым жағдайлар жасау. - "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңының 18 бабына сәйкес мемлекеттiк тiлдiң баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуын арттыру. - "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңының 23 бабына сай iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзудi кезең-кезеңмен енгiзу шараларын жүргiзу. - "Қазақстан Республикасындағы Тiлдер туралы" Заңының 19, 20, 21 баптарына сай тарихи-географиялық атауларды қалпына келтiру, деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiн реттеу. Осы мiндеттердi жүзеге асыру төмендегi бөлiмдерге енгiзiлген:
Тармақ i. I. Қаржыландыру
I. Қаржыландыру Бағдарламаны жүзеге асыруға қажеттi қаражат жыл сайын облыстық бюджетте қарастырылады.
Тармақ ii. II. Тiл бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет және бiлiм беру салаларында
II. Тiл бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет және бiлiм беру салаларында
Тармақ 1
1. Облыста жұмыс iстейтiн ұлттық-мәдени орталықтардың озық тәжiрибелерiн пайдалана отырып, тiлдердi оқытудың жаңа технологиясын, iс-тәжiрибесiн жинақтап тарату. Облыстық Тiл комитетi 1999-2000 жылдар
Тармақ 2
2. Оқытушылардың, аудармашылардың, iс-қағаздарын жүргiзушiлердiң тiлдiк бiлiктiлiгiн арттыру семинарлары мен курстарын өткiзудi ұйымдастыру. Облыс аумақтарының мүмкiндiктерi мен тұрғындардың талап-тiлегiне сай мектептердi қазақ, орыс және басқа тiлдердi оқытатын бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету және оларды қайта даярлауды сапалы жүргiзу. Облыстық Тiл комитетi, бiлiм департаментi Жоспар бойынша
Тармақ 3
3. Мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында мемлекеттiк тiлдi жеделдете оқытуға арналған аудио-бейне, компьютерлiк бағдарламалар әзiрлеп, тарату. Облыстық бiлiм департаментi 2000 жылға дейiн
Тармақ 4
4. Орыс тiлi басым тiлдiк ортадағы жаңадан ашылған қазақ тiлiнде оқытып, тәрбие беретiн мектептер мен сыныптарға материалдық, әдiстемелiк көмек көрсету, оларға басымдылық жағдай жасау. Бұл мектептер жөнiнде мәлiметтер негiзiн жасап, олар туралы негiзделген болжамдар құру. Облыстың қалалары мен қала маңындағы аудандарға ауыл тұрғындарының қоныс аударуын зерттеу. Аралас тiлде оқытатын және тәрбиелейтiн мектептердегi оқушыларды оқытудың жағдайы мен келешегiн зерттеу. Алқа мәжiлiсiне ұсыныстар енгiзу 1999 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн Облыстық бiлiм департаментi Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы Облыстық Тiл комитетi 1999-2000 ж.ж.
Тармақ 5
5. Облыс орталығында, Семей қаласында, бiрқатар аудан орталықтарында қазақ тiлiнде оқытып, тәрбие беретiн мектептер жүйесiн бюджетте қарастырылған қаржы мөлшерiнде кеңейту мүмкiндiктерiн зерттеу. 1999 жылдың 1 тамызына дейiн ұсыныс енгiзу Облыстық бiлiм департаментi, Тiл комитетi
Тармақ 6
6. Өскемен қаласының № 1 кәсiптiк-техникалық мектебiнде мемлекеттiк тiлдi оқыту Орталығын құру. Қазақ тiлiнде оқытатын қосымша 1 бөлiм мен топ ашу. Облыстық бiлiм департаментi Тiл комитетi Қаржы басқармасы
Тармақ 7
7. Арнаулы орта оқу орындарының бағдарламаларына "Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу" арнайы курсын енгiзу. Кәсiптiк-техникалық мектептерде мемлекеттiк тiлде оқытатын "Хатшы-референт", "Iс жүргiзушi" мамандарын даярлауды енгiзу. Облыстық бiлiм департаментi 1999-2000 жылдар
Тармақ 8
8. Арнаулы орта оқу орындарының орыс тiлдi бөлiмдерiне қазақ тiлi сағаттарының санын көбейту тұрғысында оқу бағдарламасында қайта қарау, оның қысқаруына жол бермеу.
Тармақ 9
9. Облыстағы балалар үйлерiнде қазақ тiлiнде оқытатын және тәрбие жұмысын жүргiзетiн арнайы топтар ұйымдастыру. Облыстық бiлiм департаментi Тiл комитетi
Тармақ 10
10. Татар, немiс, басқа ұлт өкiлдерiнiң шоғырлана орналасқан елдi мекендерiнде осы ұлт тiлдерiнде оқытуды жалғастыру.
Тармақ 11
11. Облыс орталығы Өскемен қаласында қазақ тiлiнде жұмыс iстейтiн драма театрын ашу. Облыстық мәдениет басқармасы
Тармақ 12
12. Мемлекеттiк тiлге оқытудың телерадиосабақтарын ұйымдастыру тәжiрибесiн жалғастыру. Облыстық Тiл комитетi Облыстық телерадиокомпаниясы
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк тiлге оқыту орталықтарын ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру. Облыстық мемлекеттiк қызметтегi басшылар мен қызметкерлерiне арналған мемлекеттiк тiлдi бiлудiң қажеттi төменгi деңгейiнiң бағдарламасын әзiрлеу. Облыстық Тiл комитетi, департаментi
Тармақ 14
14. Жалпы бiлiм беретiн мектептер негiзiнде оралмандарды қазақ әлiпбиiне үйретудi ұйымдастыру. Облыстық бiлiм департаментi
Тармақ 15
15. Балаларды мектепке дейiнгi даярлау бағдарламасында қазақ тiлiн оқытудың сағат санын көбейтудi қарастыру. Облыстық бiлiм департаментi
Тармақ 16
16. Қазақ мектептерi мен арнаулы орта оқу орындарының қазақ бөлiмдерiнде дене мәдениетi мен әскери даярлық пәндерiн мемлекеттiк тiлде оқытуды қамтамасыз ету. Педкадрларды даярлау. Облыстық бiлiм департаментi
Тармақ 17
17. Ұлттық тiлдердi оқытуда жексенбiлiк мектептерге ықпал жасау. Облыстық Тiл комитетi Облыстық бiлiм департаментi
Тармақ 18
18. Меншiк нысанына қарамастан облыстағы телерадиокомпаниялар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарының "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңының 18 бабының орындалуына бақылау жасау. Облыстық Тiл комитетi Облыстық телерадиокомпаниясы
Тармақ 19
19. Облыстық телерадиоарналарында "Тiлдер туралы Заң iс жүзiнде", "Менiң тiлiм - менiң досым", "Тiл бастауы" атты хабарларды жүргiзудi ұйымдастыру. Облыстық тiл комитетi Облыстық телерадиокомпаниясы Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу Барлық мемлекеттiк органдарда iс жүргiзуге мемлекеттiк тiлдi енгiзу жөнiнде бөлiмдер немесе секторлар құру. Облыс Әкiмi аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлiмi Мемлекеттiк органдардың басшылары 1999-2000 жылдар Мемлекеттiк органдардың штаттық кестесiне аудармашылар лауазымын енгiзу. Облыс Әкiмi аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлiмi Мемлекеттiк органдар басшылары 1999-2000 жылдар Облыста мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудiң кезең-кезеңмен көшудiң мерзiмi белгiленген, облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңын орындау жөнiндегi шаралары туралы № 1-222р өкiмiнiң орындалуын бақылауды жалғастыру. Ұйымдастыру-кадрлар бөлiмi Облыстық Тiл комитетi 1999-2000 жылдар Барлық жергiлiктi мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдегi iс қағаздарының үлгiлерiн (компьютерлiк шаблондарын) әзiрлеп, басып шығару. Жергiлiктi мемлекеттiк органдар