Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Кағидасын бекіту туралы»
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 баптың 2 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 кыркүйектегі «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік акы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудандық Мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Аз қамтылған азаматтарға түрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абонентгеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
9.06.2006ж.
Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламада
бөлімінің бастығы
Ш. Ибраева
Басқа 5. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары
Жаңаарқа аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы
9 маусымдағы кезектен тыс XXYII-сессиясының
№ 27/228 шешімін бекітілген
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары
Осы Қағида «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жардемақысын беру тәрібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші денгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттык Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
Тармақша 2
2) жиынтық табыс - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысынын жалпы соммасы;
Тармақша 3
3) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы кұрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың баска да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
Тармақша 4
4) өтініш беруші (жеке тұлға) - жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлга (бұдан әрі - өтініш беруші);
Тармақша 5
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган -каланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақша 6
6) тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондаи-ақ аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұргын үй жәрдемақысы тұрғылыкты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
Тармақша 1
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға - 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 5 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт.
Тармақша 3
3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
Тармақша 4
4) тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемақыларды, уәкілетті органға өтініш берілген айдан бастап 6 айға тағайындалады, сонымен қатар тұрғын үй жәрдем ақысын алушылардың қайта тіркелуі жүргізіледі, бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
Тармақ 8
8. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы -бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеуменн айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
Тармақ 9
9. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.
Тармақ 11
11. Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойьшша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
Тармақ 13
13. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін. Тұрғьш үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері
4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар 15 күннің ішінде түрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
Тармақ 17
17. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
Тармақ 18
18. Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақылаын өтіну және есептеу тәртібі.
5. Тұрғын үй жәрдемақылаын өтіну және есептеу тәртібі.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі күжаттармен өтінеді
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім і шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
Тармақша 4
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын кұжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
Тармақша 7
7) тұрғын үйді үстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
Тармақша 8
8) өтініш берушінің аудандық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
Тармақша 10
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
Тармақша 11
11) көмірдін мөлшері мен бағасы сатып алған жеткізушіден анықтама.
Тармақ 20
20. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Тармақ 21
21. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге кұқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 22
22. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұргын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұргын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
Тармақ 23
23. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлга мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 24
24. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының аудандық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.