О правилах содержания домашней птицы в населенных пунктах Кызылжарского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжар ауданының елді іекендерінде үй құстарын ұстау режелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ІІ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына («Казахстанская правда» 2001 жылғы 13 ақпандағы №№40-41), 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына («Казахстанская правда» 2001 жылғы 30 қаңтардағы №№25-26), Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10,25,26 баптарына («Казахстанская правда» 2002 жылғы 16 шілдедегі №154), Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66-IІІ «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық территорияларды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабына («Казахстанская правда» 2005 жылғы 8 шілдедегі №№184-185), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы №45 «Жоғары патогенді қүс тұмауының алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру ветеринарлық ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Берілген Қызылжар ауданының елді мекендерінде үй құстарын ұстау ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қызылжар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қызылжар ауданының елді мекендерінде үй құстарын асырап-бағу ережесі
Қызылжар ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 25/3 шешіміне қосымша Қызылжар ауданының елді мекендерінде үй құстарын асырап-бағу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережесі
1. Жалпы ережесі
Тармақ 1
1. Ереже Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 25, 26-баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66-ІІІ «Агроөндірістік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы 7-бабы 4-тармағы 5-тармақшасына, және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілеріне және аудан аумағында құстарды ұстау жағдайына сәйкес дәйектелді.
Тармақ 2
2. Осы ереже меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарымен қоса құстардың барлық иелерінің таратылады. Аудан аумағында мекендейтін немесе өз ісін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың баршасымен орындауға міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Міндетті тіркелу (сатып алған казеңнен бастап екі апталық мерзім), жыл сайын құстарды вакцинацияға (екпеге) ұсыну, аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы диагностикалық тексеру, оларды тұрғылықты орындары бойынша паразитарлық ауруларға карсы емдеу.
Тармақ 4
4. Құстарды асырап-бағу құс фабрикаларында, шаруа кожалықтарында, жеке аулаларда және одан әрі қоданыстағы заңнамаға сәйкес меншік түрінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жүктерді мемлекеттік ветеринарлық қадағалауын қауіпсіздік бақылауын қамтамасыз ететін, ветеринарлық заңнамада айқындалған шарттар мен ережелерді сақтай отыра жер бетіндегі көліктің барлық түрімен құстарды аумаққа шығаруға және әкелуге рұқсат етіледі.
Тарау 2. 2. Құс иелерінің міндеттері
2. Құс иелерінің міндеттері
Тармақ 6
6. Құс иелері міндетті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте құс шаруашылығына ұсынылатын санитарлы-ветеринарлық талаптарды сақтауға;
Тармақша 2
2) Аулаларда құстар қажет болған жағдайда мемлекеттік ветеринарлық инспектордың жарлығымен жабық жерде ұстауға ауыстырады;
Тармақша 3
3) Құстарды көбейту, асырап-бағу және күту технологияларын сақтауға ұйымдастырылған алдын ала зерттеулерді, вакцинацияны және аса қауіпті құс ауруларының мониторингін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Бекітілген сәйкес құжаттармен ветеринарлы-санитарлы экспертизадан кейін құс шаруашылығының өнімдерін (жұмыртқа, ет, тірі құс және басқа да) әкелуді, шығаруды және жүзе асыруды орындауға;
Тармақша 5
5) Құстардың күтпеген жерде өлуі, жүріс-тұрысы түсініксіздігі және ауырғандығы жайлы әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес ветеринарлық инспектоға шұғыл түрде хабарлау.
Тармақша 6
6) Үй және дала құстарының арасында байланысты жібермеу жөнінде жара қолдануға;
Тармақша 7
7) Ветеринарлық қарауға және алдын- алу шараларына құс санын ешбір кедергісіз ұсынуға;
Тармақша 8
8) Заңнамада қарастырылған ветеринарлық ережелерді орындау мәселелері жөнінде сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікке ветеринарлық инспектордың барлық ұсыныстарын орындауға;
Тармақша 9
9) Ветеринарлық ережелер мен нормаларға сәйкес мал шаруашылығының азықтарын, өнімдері мен шикі заттарын сақтау және өндеу үшін құс шаруашылығының жайлары, үймереттері аумақтарын ұстау, қажет болған жағдайда оған дизинфекция жүргізу, қоршаған ортаның ластануын жібермеу.
Тарау 3. 3. Құс иелерінің құқықтары
3. Құс иелерінің құқықтары
Тармақ 7
7. Үй құстарының барлық түрлері, иесінің меншігі болып табылады және барлық меншік сияқты Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады.
Тармақ 8
8. Құс иелері осы иеленумен байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін амал-әрекеттердің бәрін жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Құс иесінен құстың барлық түрін тек қана сот шешімі бойынша немесе Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда басқа да тәртіпте тартып алынады.
Тармақ 10
10. Жеке және заңды тұлғалары, құс иелері сапалы және уақтылы ветеринарлық қызмет алуға құқылы.