О работе акимов Катон-Карагайского и Урджарского районов по осуществлению экономических реформ на селе и принимаемых мерах по финансовому оздоровлению сельхозпредприятий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Катонқарағай және Үржар аудандары әкімдерінің селода экономикалық проблемаларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру шараларын қолдану жөніндегі жұмысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. Катонқарағай және Үржар аудандары әкiмдерiнiң селода экономикалық реформаларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын қаржылық сауықтыру шараларын қолдану жөніндегi жұмыс қорытындыларын тыңдап және талқылап, өндіріс құрылымын оңтайлау, шаруашылық субъектiлерiн реформалау, оларды қаржылық сауықтыру жөнінде белгiлi жұмыс атқарылды деп атап көрсетемiн. Нарықтық инфрақұрылым объектiлерiн, ауылшаруашылығы маркетингiн құру және дамыту, кредиттiк және салық саясатын жетiлдiру жөнінде шаралар қолданылуда. Аудандарда сала экономикасында iлгерiлеу байқалады. Өткен жылы астық және күнбағыстың майлы тұқымын өндіру артты, iрi қара мал саны көбейдi. Катонқарағай ауданында сүт өндіру артты, шошқа, қой мен ешкi саны тұрақтандырылды, Үржар ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарында құс пен шошқа саны тұрақтандырылды. Сонымен қатар аудандардың селолық экономикасында жағдай бұрынғысынша күрделi қалпында қалуда. Соңғы екi жылдағы қолайсыз ауа райының жағдайы, реформаларды жүргiзудегi шалалық жұмыс шаруашылықтардың қаржылық жағдайын тереңдете түстi. Қайта құрудың қарқыны мен сапасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң республиканың агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң желтоқсан (1998 жыл) кеңесiнде айтқан талаптарына толық сай келмейдi. Банкроттық процедурасы ұзаққа созылуда, бәсекелес басқарушылар даярланбауда. Екiншi топтағы көптеген шаруашылық субъектiлерiнде реабилитациялық бағдарламалар жоқ, ал олар болған жерде нақты экономикалық есептермен дәлелденбеген. Инвесторларды қатыстыру, жарамсыз шаруашылықтар мүлiктерiн беру жөніндегi жұмыс нашар жүргiзiлуде. Катонқарағай ауданында шаруа шаруашылықтарының қоғамдастықтарын және кредиттiк серiктестiктердi ұйымдастыру, Үржар ауданында маркетингтiк қызмет және ерiктi аудандық ауыл шаруашылығы басқармасын құру жөнінде жұмыс басталған жоқ. Катонқарағай ауданында шаруашылықтармен оларды салық салудың патенттiк жүйесiне көшiру жөнінде жеткiлiктi батыл жұмыс жүргiзiлмеуде. Үржар ауданында жер реформасының, мүлiктiк және жер үлестерiмен азаматтық құқықтық келiсiмдердi тәртiпке келтiру барысына бақылау жасау нашарлаған. Ауданда ауылшаруашылығы құрылымдарының кредиттiк берешектерi өсуде. Селолық экономиканы одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Республикалық кеңесiнде айтқан талаптарын орындау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Катонқарағай және Үржар аудандарының әкiмдерi, басқа аудандар мен қалалардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) көктемгi дала жұмыстары басталғанға дейiн жаңадан анықталған жарамсыз шаруашылықтарды банкроттыққа жатқызуды аяқтасын;
Тармақша 2
2) банкроттық процедурасын жедел жүргiзу мақсатында бұл жұмысты жүргiзу үшiн "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегi Агенттiк" ашық акционерлiк қоғамының Шығыс Қазақстан филиалының қызметкерлерi қатыстырылсын;
Тармақша 3
3) бәсекелес басқарушылардың жетiспейтiн санын даярлау ұйымдастырылсын, әрбiр ауданда шаруа шаруашылықтары және бәсекелес басқарушылар үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн консультациялық пункт құрылсын;
Тармақша 4
4) инвесторларды қатыстыру және жаңа өндіріс ұйымдастыру үшiн оларға басқаруға жарамсыз шаруашылықтардың мүлiктерi берiлсiн;
Тармақша 5
5) селолық округтердiң әкiмдерiне шаруашылықтарды реформалау мен қаржылық сауықтыру мәселелерiмен тiкелей шұғылдану мiндеттелсiн;
Тармақша 6
6) облыстық жер қатынастары комитетiмен (Соловьев В.В.) бiрге жер реформасын жеделдету, жердi тұрақты пайдалану құқысына және жер рыногын қалыптастыруға актiлер берудi тездету жөнінде қосымша шаралар қолданылсын;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1270 қаулысына сәйкес аудандардың ауыл шаруашылығын басқарудың ерiктi органдары құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық, аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларына (Томашенко А.П.), сауда және қызмет қөрсету (Шәкенов М.Ш.), шағын және орта бизнестi дамыту (Тойбазаров М.С.) департаменттерiне мыналар мiндеттелсiн:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылығы тауар өндірушiлерiн маркетингтiк қамту механизмiн пысықтасын;
Тармақша 2
2) ауылшаруашылығы тауар өндірушiлерiнiң құқыларын қорғау мақсатында олар ауыл шаруашылығы өнімдерiн өткiзу жөніндегi барлық көтерме сауда келiсiмдерi тауар биржасы арқылы ресiмделуiне бағдарлансын;
Тармақша 3
3) халықаралық рыноктағы бағалардың конъюктурасын ескерiп, панта өнімдерiн өткiзуде облыстық марал шаруашылығы қауымдастығына көмек көрсетiлсiн.
Тармақ 3
3. Катонқарағай ауданының әкiмi А.С. Сейiтов шаруа шаруашылықтарының қауымдастығын ұйымдастыру, ауылшаруашылығы құрылымдарын салық салудың патенттiк жүйесiне көшiру жөніндегi жұмысты жандандырсын. Үржар ауданының әкiмi Д.М. Селиханов ауданда ақпараттық-маркетингтiк қызмет құрсын, жер реформасының барысына, мүлiктiк және жер үлестерiмен азаматтық-құқылық келiсiмдердi тәртiпке келтiруге бақылау жасауды күшейтсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің орынбасары А.Б. Қалиев аудандық жұмыс топтарының басшыларымен бiрге II топтағы шаруашылық субъектiлерiнiң қаржылық жағдайына мониторинг өткiзудi ұйымдастырсын және олар реабилитация бағдарламасын орындамаған жағдайда оларға банкроттық процедурасын қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Б. Қалиевқа жүктелсiн.