О повышении окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в сельских населенных пунктах Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына айлықақы мен тарифтік ставкаларын көтеру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру білім беру, мәдениет және спорт мамандарына кызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақы мен тарифтік ставкалар 25 пайызға көтеру белгіленсін.
Тармақ 2
2. Федоров ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде аталған шығындарды жылсайын қарастырсын.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Ауылды (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарының айлықтары мен тарифтік ставкаларын көтеру туралы» № 96 шешімінің күші жойылсын.