О наложении ограничений в связи с массовым выделением бруцеллеза крупного рогатого скота в Аккольском сельском округе Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллезбен жаппай ауруына байланысты шектеу қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативті құқықтық актілерді бекіту туралы" № 369 бұйрығына, 2002 жылғы 14 қарашадағы "Заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және іске асыру Қағидаларын бекіту туралы" № 367 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 13889 үсынысы негізінде және Ақкөл ауылдық округіндегі ірі қара малдың бруцеллезбен ауруының алдын алу және жою мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақкөл ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу қойылсын. 2. Қосымшаға сәйкес ірі қара малдың бруцеллезбен ауруының алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық және арнайы шаралары (бүдан әрі-іс-шаралар) бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Екібастұз қалалық аумақтық басқармасы (С.М.Баймағамбетов) (келісім бойынша), Ақкөл ауылдық округінің әкімі (Е.С.Сағынтаев) іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау бойынша шара қолдансын. 4. 0сы қаулының орындалуын бақылау "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М.Р.Балтабай) жүктелсін. Келісілді: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Екібастұз қалалық аумақтық С. Баймағанбетов басқармасының бастығы 2006 жылғы 30 маусым