Об утверждении правил предоставления социальной помощи студентам из малообеспеченных семей и студентам из числа детей-сирот обучающимся в учебных заведениях Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Cтуденттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік көмек берудің ережесін бекіту туралы Студенттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге кәсіби жоғары білім алу үшін әлеуметтік көмек көрсету максатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Студенттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік көмек берудің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім беру бөлімі (Зәкенов Б.Н.) жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде әлеуметтік көмек алуға студенттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерді таңдауды жыл сайын және уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 451007000332 «Жергілікті өкілді органның шешімімен жеке санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы әкімгері болып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі анықталсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік қолдау берудің ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 20 сәуірдегі №269 (тіркеу №13-4-3, аудандық «Дала дидары» газетінде 2005 жылғы 7 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А Тастеміровке жүктелсін.
Басқа 6. Студенттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік көмек беру ЕРЕЖЕСІ
2006 жылғы «22» мамырдағы №126 аудан әкімінің қаулысымен бекітілген Студенттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге әлеуметтік көмек беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже студенттер арасындағы жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы студенттерге ақшалай әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек алуға Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік жалпы білім гранттарының жулдегерлері бола алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады: әлеуметтік көмек - студенттердің кәсіби оқуын төлеуге бағытталған әлеуметтік төлем түріндегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны; әлеуметтік көмек көрсету құқын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - аудандық комиссия) - аудан әкімі жанында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өкілдерін міндетті түрде енгізе отыры құрылатын және әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндігі туралы шешім шығаруды жүзеге асыратын комиссия; алушы - мемлекеттік жалпы білім гранттарының жүлдегерлері бола алмаған студенттер арасындағы жетім балалар және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен отбасы мүшесі болып табылатын жоғары, арнаулы орта оқу орнының немесе кәсіптік техникалық мектептің күндізгі және сырттай бөлімінің студенттері; уәкілетті орган - әлеуметтік көмекті тағайындау мен ұйымдастыруды жургізетін, әлеуметтік көмек көрсетуге сай студент контингентін айқындау жөне төлеу жөніндегі орган (бүдан әрі - Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі); ақшалай қаражатты беру жөніндегі уәкілетті орган - банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банкілік қызмет көрсетудің осы түрін жүзеге асыру конкурсын жеңіп алған екінші деңгейдегі банк.
Тарау 2. 2. Ақшалай қаражатты алудың шарттары мен тәртібі
2. Ақшалай қаражатты алудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 4
4. Ақшалай қаражатты алу үшін студенттер Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) отбасының табыстары туралы анықтама;
Тармақша 5
5) білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) кешенді тестілеу нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен немесе кәсіптік техникалық мектеппен оқыту туралы келісім.
Тармақ 5
5. Алушылар әлеуметтік көмек тағайындауға келесі арыз бергенде жоғарыда аталған құжаттардан басқа, жоғары, арнаулы орта оқу орнынан және кәсіптік техникалық мектептен олар осы жоғары, арнаулы орта оқу орнынан және кәсіптік техникалық мектептердің студенті болып табылатындығын растау-анықтаманы, сондай-ақ сынақ кітапшасының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне істі қалыптастыру үшін арызданушылардан құжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап 5 күндік мерзімде ұсынылады және әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындамау туралы шешім жобасын, әлеуметтік көмек көрсету құқын айқындау жөніндегі аудандық комиссияға жібереді.
Тармақ 7
7. Аудандық комиссия 10 күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады және әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады. Арызданушылардың істерін және комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмелерін Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.
Тармақ 8
8. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек беру туралы шешім шығару барысында кешенді тестілеуде алған балл санын, үздік аттестаттардың немесе арнаулы орта білімнің үздік дипломы бар болуын есепке алады.
Тармақ 9
9. Оң шешім болған жағдайда, өкілетті органнан хабарландырылған алушылар банкте жеке шот ашады. Бас тартқан жағдайда, Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас тарту себебін көрсете отырып, арызданушыға құжаттарды қайтарады. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту үшін: жоғарғы, арнаулы орта және кәсіптік техникалық мектеп оқу орындарына түсу туралы біле тұра жалған мәліметтер және 4-тармақта көрсетілген құжаттар бойынша жалған мәліметтер ұсыну негіз болып саналады.
Тармақ 10
10. Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі алушылардың екі дана тізім-ведомостін жасайды, оның біреуін банкке жібереді.
Тармақ 11
11. Банк ақылы қызмет көрсету келісімі және тізім-ведомосы негізінде алушылар ашқан жеке шоттарға сомаларды аударады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру механизмі
3. Қаржыландыру механизмі
Тармақ 12
12. Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шығындарды қаржыландыру 451007000332 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен осы мақсатқа қарастырылған қаржылар есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Бақылауды жүзеге асыру
4. Бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес әлеуметтік көмекті дұрыс тағайындауға жауапты.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады.