Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелерін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 13 тамызындағы № 850 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезбен күресуді күшейту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 4.1 тармақшасын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері бекітілетін болсын.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруге және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық туберкулезге қарсы емдеу мекемесі ай сайын айдың 25 күніне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын азаматтардың тізімін беріп тұрсын.
Тармақ 4
4. Аталған бағдарламаның әкімшілігі болып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі анықталсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жүсіпбековке жүктелсін.
Аудан әкімінің құқықтық сұрақтары
бойынша кеңесшісі
Л.Әутәліпова
Басқа 6. Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «12» маусымдағы № 100
қаулысымен бекітілді
Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек көрсетудің осы Ережелері (ілгеріде - Ережелер) азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен толық қамтамасыз етуге әлеуметтік көмектің (ілгеріде - әлеуметтік көмек) тағайындалу тәртібі мен төлемін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ережеде мынадай түсініктер пайдаланады:
әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті органы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
жол жүруге әлеуметтік көмек - туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруіне кеткен төлемнің ақшалай төлемдерінің бір түрі;
қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек - амбулаториялық емдеуде болған кезінде туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға қосымша тамақты қамтамасыз етуге белгіленген ақшалай төлемдердің бір түрі;
алушы - күнкөріс минимумы деңгейінен темен орташа кірісі бар отбасының туберкулезбен ауырған азамат мүшесі.
Тармақ 3
3. Уәлиханов ауданында тұратын туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтар әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаржысынан ақшалай түрінде төленеді.
Тармақ 5
5. Аудандық туберкулезге қарсы емдеу мекемесінен берілген тізім және алушылардың жеке құжатттарына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті тағайындайды .
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алу тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті алу тәртібі
Тармақ 6
6. Ереженің 3 тармағында көрсетілген тұлғалар жергілікті жеріндегі өкілетті органға мынадай құжаттарды табыс етеді:
Тармақша 1
1) Өтініш - үлгі бойынша (1 қосымша)
Тармақша 2
2) Жеке басын куәландыру құжаты (түп нұсқасы және көшірмесі)
Тармақша 3
3) Азаматтардың тұрақты мекен - жайын растайтын тіркеу кітапшасы (түп нұсқасы және көшірмесі)
Тармақша 4
4) Мекен -жайының аңықтамасы
Тармақша 5
5) Өткен тоқсандағы отбасы кірісі жөніндегі анықтама
Тармақша 6
6) Туберкулезге қарсы емдеу мекемесінің емдеуде болғаны жөніндегі анықтамасы (түп нұсқасы )
Тармақша 7
7) Емдеу мекемесіне баруға төлейтін жәрдем ақыны алуға, арналған тіркеу талоны (2 қосымша)
Тармақ 7
7. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін сұрау бір ата -анасымен (қорғаншы, қамқоршы, патронаттық тәрбиеші) 6 тармақта көрсетілген құжаттарды және баланың жеке басын куәландыратын құжатымен бірге табыс етуімен жүргізіледі.
Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі қорғаншының өтінішіне қамқоршы - қорғаншы ұйымының қамқорлық жөніндегі шешімінің үзіндісі қосымша беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттардың түп нұсқасы көшірмесімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмесін бекітіп, өтініштерді берілген құжаттарымен тіркеу журналына тіркеп, өтініш берушіге өтініші қабылданғаны жөнінде үзінді талонды табыс етеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Емдеу мекемесіне жол жүруге әлеуметтік көмек осы көмекті тағайындауға ұсыныс етілген айдан бастап тағайындалады. Өтініштің сұрау күні болып, өтінішті барлық құжаттарымен бірге тапсырған күні есептеледі.
Қосымша тамақпен қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек -әлеуметтік көмекті сұраған айынан бастап бір тоқсанға тағайындалады. Өтініштің сұрау күні болып өтінішті барлық құжаттарымен бірге тапсырғай күні есептеледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындауды тұрғылықты мекен - жай бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті органымен іске асырылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн ішінде жергілікті бюджет қаржысынан әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны жөнінде жазбаша дәлел келтіріп шешім қабылдайды (3 қосымша).
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту жағдайында шешім сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тармақ 14
14. Емдеу мекемесіне жол жүру төлеміне арналған әлеуметтік көмек көғамдық көліктерінің барлық түріне билет бағасының көлемінде тағайындалады. Барған - келген жол төлемі бағасы көрсетілген билет арқылы төленеді. Билет болмаған жағдайда Уәлиханов ауданының тұрмыстық-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен көрсетілген тарифтер бағасы арқылы төленеді (4 қосымша). Қосымша тамақпен қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік көмек айлық есеп көрсеткішінің 2 реттік көлемінде тағайындалады.
Тарау 4. 4. Жәрдем ақы төлемі
4. Жәрдем ақы төлемі
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек төлемі ұлттық банктың лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк филиалдары арқылы оны алуға құқылы тұлғалардың жеке шотына түсу жолымен жүзеге асады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган ай сайынғы жинақтық тізімді құрастырып, банк филиалдарына жібереді.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмектің есебі өткен айға жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмекті тағайындаушы немесе төлейтін өкілетті органның терістігінен уақытында есепке кірмеген әлеуметтік көмектің сомалары қандай бір қарсылықсыз бір мезетте есептеледі.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмектің төлемі бойынша тіркеу тәртібі және есептілікті жүргізу қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес анықталады.
Туберкулезбен ауыратын аз
қамтамасыз етілген азаматтарға
емдеу мекемесіне жол жүруіне және
амбулаториялық емделу кезінде қосымша
тамақпен қамтамасыз етуге
әлеуметтік көмек көрсетудің
Ережесіне №1 қосымшасы
Уәлиханов
ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Ө т і н і ш
Маған емделу мекемесіне жол жүруге (амбулаториялық емделу кезінде
тамақпен толық қамтамасыз етілуге) әлеуметтік көмек тағайындап,
төлемін өтеп беруіңізді өтінемін.
Тегі ____________________________
Аты-жөні ____________________________
Әкесінің аты ____________________________
ӘЖК ____________________________
СТН ____________________________
Мекен жайы ____________________________
Жекебасын куәлендіретін құжат
__________________________________________
Серия _______ нөмірі __________ кімнен жіберілген ___________
қашан жіберілген ____________________________
жеке шоты № __________ бөлімшеде______________ банкі
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтермен, жасанды құжаттар бергенім үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім.
«___»______________200__жыл ______________
(өтініш берушінің қолы)
Өтініш қабылданды
«___»______________200__жыл __________________
(құжатты алушының қолы)
Туберкулезбен ауыратын аз
қамтамасыз етілген азаматтарға
емдеу мекемесіне жол жүруіне және
амбулаториялық емделу кезінде қосымша
тамақпен қамтамасыз етуге
әлеуметтік көмек көрсетудің
Ережесіне №2 қосымшасы
Тіркеу талоны № ______
Берілген _________________________________
Мекен-жайы _____________________________
1. Келгені туралы _____________________________
(қайдан қайда келген, уақыты)
Мөр
2. Кеткені туралы _________________________________
_________________________________
(кеткен жері, уақыты)
Мөр
Басшының қолы
Ескерту: Келген- кеткен туралы белгі туберкулезге қарсы емдеу
мекемесімен қойылып, талон жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне беріледі.
Басқа 37. Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруге (амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге) әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім
Туберкулезбен ауыратын аз
қамтамасыз етілген азаматтарға
емдеу мекемесіне жол жүруіне және
амбулаториялық емделу кезінде қосымша
тамақпен қамтамасыз етуге
әлеуметтік көмек көрсетудің
Ережесіне №3 қосымшасы
Туберкулезбен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға емдеу мекемесіне жол жүруге (амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге) әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім
«___»______________200__жылдың № ___
Тегі ____________________________
Аты ____________________________
Әкесінің аты ____________________________
емдеу мекемесіне жол жүруге (амбулаториялық емделу
кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз етуге) әлеуметтік көмек
тағайындауға табыс етілген құжаттарды қарастырып, комиссия
былай шешті:
1. Әлеуметтік көмек тағайындау мұқтаж
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
көлемінде _________________
2. Әлеуметтік көмек тағайындауға мұқтаж емес мынадай себептерден:
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы ______________
Комиссия мүшелері ______________
______________
Туберкулезбен ауыратын аз
қамтамасыз етілген азаматтарға
емдеу мекемесіне жол жүруіне және
амбулаториялық емделу кезінде қосымша
тамақпен қамтамасыз етуге
әлеуметтік көмек көрсетудің
Ережесіне №4 қосымшасы
№
Ара қашықтығы – ауылдан
Жол құны (теңге)
1
Чернигов
150,0
2
Ақтүйесай
200,0
3
Күзексайдан
250,0
4
Бидайық
250,0
5
Өндіріс
300,0
6
Жұмысшы
350,0
7
Мырзағүл
400,0
8
Телжан
150,0
9
Кебенсай
200,0
10
Мортық
200,0
11
Көктерек
250,0
12
Қарамырза
250,0
13
Тоспа
250,0
14
Озерный
250,0
15
Аманкелді
300,0
16
Қаратерек
350,0
17
Күрлеуіт, Малқара
400,0
18
Жасқайрат
350,0
19
Жуантөбе
400,0
20
Қайрат
450,0
21
Құлыкөл
500,0
22
Қаратал
550,0
23
Береке
600,0
24
Қарашілік
150,0
25
Молодая Гвардия
200,0
26
Чехов
200,0
27
Аққұдық
250,0
28
Золотая Нива
300,0
29
Жарыққопа
350,0
30
Қазанғап
350,0